136
Тапсырма барысы: балаларға суреттерді қарап,
олардың қай ертегі
бойынша салынғанын анықтау ұсынылады.
Сұрақтар:
Суреттерде көрсетілген оқиғаларға қарап, ертегіні ата. (Батыр есек)
Ертегідегі оқиғалардың ретін анықта.
Суреттерге сүйеніп, ертегіні мазмұнда.
Неге есекке батырлық берілді?
Нәтижелерді талдау
5 – ұпай: ертегінің тіл көркемдігін сақтап, сұрақтарға толық жауап береді.
Кейіпкерлер әрекеттерінің мотивтерін дұрыс анықтады,
оларға толық
мінездеме берді.
4 – ұпай: толық жауап береді, бірақ керекті мөлшерде эмоционалды емес.
Кейіпкерлердің мінездерін және әрекеттерін дұрыс анықтайды.
3 – ұпай: сұрақтарға жауап берген кезде тәрбиешінің көмегі керек болды.
Кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне мінездеме дұрыс берілді,
бірақ
толық емес.
2 – ұпай: бала сұрақтарға өздігінен жауап беруге қиналады,
сөздік қоры
аз, сөйлеуі мәнерлі емес. Бала кейіпкерлерге мінездеме бере алды, бірақ
олардың әрекеттерін бағалай алмады.
0 – ұпай: бала сұрақтарға жауап берген кезде тәрбиешінің көмегіне жиі
жүгінді. Кейіпкерлерге
мінездеме бере алмады, олардың әрекеттерінің
мотивтерін түсіндіре алмады.
137
Бағдарламалық материалдың мазмұнын меңгеру деңгейлері
Жоғарғы (34 - 36 ұпай) - бала
барлық ұсынылған тестік
тапсырмаларды жақсы орындады. Сөйлеу қабілетін меңгерген. Ертегінінің
бірізділігін бұзбай, өздігінен мазмұндап бере алады.
Ертегі кейіпкерлеріне
толық мінездеме береді, олардың әрекеттерінің мотивтерін түсіндіріп бере
алады. Кейіпкерлерге мінездеме
берген кезде салыстыруларды, эпиттерді
және т. б. қолданады. Авторлық және халық ертегілерін ажыратады. Көптеген
ертегілерді біледі, оларды сабақ кезінде және үйде өз бетінше меңгерген.
Мазмұндағанда әртүрлі мәнерлі сөйлеу құралдарды қолданады.
Қиялы бай
және оны шығармашылық тапсырмаларды орындаған кезде шебер
пайдаланады. Әдеби жанрларды ажырата алады.
Достарыңызбен бөлісу: