Лексикалық-грамматикалық бұзылулар - фразадағы және сөйлемдегі
сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате
қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
Менингит ауруы - мидың жұмсақ қабығының қабынуы.
Менингоэнцефалит - ми және оның қабықтарының қабынуы салдарынан
ми мен жұлынның зақымдануына әсер етеді.
Менингиома - бұл ми мен омыртқаның қатерсіз ісігі, жүйке
құрылымдарын қоршайтын арахноидты қабықтан дамиды.
Мидың гемангиомасы - орталық жүйке жүйесінің гемангиомасы немесе
ангиомасы - қан тамырларының дамуындағы ақау.
Ми архитектоникасы - ми қыртысының түрлі бөліктерінің құрылыстық
ерекшеліктері.
Мүмкіндігі шектеулі бала — белгілі бір кемістіктің салдарынан өз
бетінше жүру-тұру, қозғалу немесе сөйлеу, көру немесе есту, ойлау т. б.
қабілеттері бұзылғандықтан сырттан қолдауды, көмекті қажет ететін бала.
Натальдық зақымдану кезеңі - ананың босану кезінде толғақтың ауыр
болуынан және басқа да экзогендік залалды себептердің әсерінен жаңа
туған нәрестенің зақымдануы.
Нейроинфекциялар - жүйке жүйсінің инфекциялық аурулар тобы.
Невроз – жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларының бірі,
жүйке жүйесінің шамадан тыс зорлануы.
Пренатальдық зақымдану кезеңі – эмбриондық немесе ана құрсағында
даму кезеңінде зиянды себептердің әсерінен баланың жағдайын, жалпы
қалыптасуын онан әрі қиындата түсуі.
Постнатальдық зақымдану кезеңі - бала туғаннан кейін өсу
кезеңдерінде, әсіресе алғашқы 1- 2 жылда әртүрлі зиянды себептердің
әсерінен кемтарлыққа ұшырауы.
Полиомиелит - бұлшық еттерінің семіп, сал ауруына ұшырауы.
Резонаторлық жүйе - мұрын қуыс, бас ми қаңқасы, жұтқыншақ және
кеуде қуысы.
Ринолалия (грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) – сөйлеу
аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің
салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы.
141
Достарыңызбен бөлісу: |