Орташа – жоғарғы (32 - 33 ұпай) – бала барлық тапсырмаларды
орындай алды. Көптеген ертегілерді біледі, авторлық және халық ертегілерін
ажыратады, кейіпкерлерге толық мінездеме береді. Мазмұндау кезінде
сөйлеуі айқын, эмоционалды, сөздік қоры бай. Шығармаларды ажыратқан
кезде 1-2 қате жібереді, бірақ өзі оларды түзетеді. Шығармашылық
тапсырманы орындауға тәжірибесі жетіспейді.
Орташа (29 - 31 ұпай) – бала барлық тапсырманы орындай алады,
бірақ оларды орындаған кезде қателер жіберді. Әдеби шығармалар туралы
хабардар, бірақ оларды жиі шатастырады. Ертегіні мазмұндаған кезде,
мәнерлеп айтып берген жоқ. Кейіпкерлерге толық мінездеме береді, бірақ
олардың әрекеттерін дұрыс және өз күшімен түсіндіре алмайды.
Шығармашылық тапсырмаларды орындаған кезде белсенділік танытпайды.
Орташа – төмен (26 - 28 ұпай) – тестік тапсырмалар орындау балада
қиыншылық туғызады. Авторлық және халық ертегілерін ажыратады, бірақ
бала өте аз ертегілерді біледі, яғни бала 6-5 ертегіні атады. Мазмұндаған
кезде сюжеттің ретін шатастырады, тәрбиешінің көмегіне жиі жүгінеді.
Сөздік қоры аз. Сөйлеуі эмоционалсыз. Жағымды және жағымсыз
кейіпкерлерді дұрыс атайды, бірақ өз жауабын дәлелдей алмайды.
Шығармашылық тапсырманы орындаудан бас тартты.
Төмен (26 - дан төмен ұпай) - әр тестілік тапсырманы орындаған
кезде көптеген қателіктер жібереді. Жауап кезінде белсенді емес, кейбір
тапсырмаларды орындаудан бас тартады, өте аз ертегілерді біледі. Бала
мазмұндаған кезде сөздік байланыстар орнатуда қиналады, сондықтан
мағыналық және мазмұндық қателер жібереді. Сөздік қоры аз, мәнерлеп
сөйлемейді.
138
Жоғарғы топ балаларына арналған балалар көркем әдебиетін
меңгеру деңгейін зерттеудің протоколы (5 - 6 жас)
Достарыңызбен бөлісу: |