Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет66/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

З-б о л і м. ЖАЗА 
39- 
6 а п. Жаза үғымы мен оның мақсаттары 
1. 
Жаза дегеніміз

сот үкімі бойынша тагайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. 
Жаза қылмыстық қүқық бүзушылық жасаганы ушін кінәлі деп танылган адамга қолданылады
 
және 
ол осы адамды қүқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе 
оларды шектеу болып табылады. 
2. 
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталган адамды түзеу 
жане сотталган адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық қүқық бүзушылықтар 
жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның 
қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 
Қылмыстык жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің 
қылмыстық құкык бұзушылықпен карсы күрес жүргізу құралдарынын бірі ретінде қолданылады. 
Мемлекет қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылык, 
тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстық 
құқык бұзушылықтан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің тәуелсіз 
мемлекетіміз қылмыстық құкык бұзушылыкка қарсы күрес қылмыстык жазаны қолдануда ең негізгі 
басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа карсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып 
өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылык 
сана-сезімін жетілдіру аркылы жүзеге асырылады. Сондыктан да қылмыстық кұқык бұзушылык үшін 
шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге 


155 
асырылады. Қылмыстык құқық бұзушылық істеген адамдарға мұндай шараны колдану мемлекеттің 
аткаратын функцияларының бірі ретін- де карастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр кылмыстық кұкык 
бұзушылык істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-кұкылык күштеу шараларын қолдану 
мемлекеттің мін- деті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек 
қылмыстык құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, экімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. 
Қылмыстык шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерек- 
шеліктерімен оқшауланады. 
Біріншіден,
қылмыстык шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана 
белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі 
тұжырымдалған. Сот қылмыстық құқық бұзушылыкка кінэлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген 
шараның шеңберінде оның шегінен шыкпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот 
көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құкылы. 
Екіншіден,
мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана 
сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 39-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша 
тағайындалатын мемлекеттік мэжбүрлеу шарасы», — делінген. Қылмыстык жазамен салыстырғанда, 
басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекет- тік органдар немесе лауазымды органдар аркылы 
жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тэртіпті бұзған адамды полиция бастығы экімшілік жауапқа, 
салық инспекциясының лауа- зымды адамы салықтан бұлтарушыларды занда көрсетілген тәртіппен 
жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқык 
бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-
біре- уі қылмыстық құқық бұзушылыққа жаза колдануга құқылы емес. Қылмыстық құқық 
бұзушылыққа жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті. 
Үшініиідвн,
занда көрсетілген тэртіппен сотталган адамды жазадан босату, сондай- ақ 
тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана 
рақымшылық жэне кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан 
Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Респуб- лика Президенті арқылы жүзеге 
асырылады, ал баска жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да 
қылмыстык құқық бұзушылыққа жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мэнді өзгешелігін 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет