Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу



Pdf көрінісі
бет64/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

37- 
6 а п. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу 
1. 
Егер күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) ие бола ал маса, мүндай мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын 
мүдделерге зиян келтіру қылмыстық қүқық 
бузушылық болып табылмайды.
 
2. 
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян 
келтірілуінің салдарынан адам өзінің әрекеттеріне ие бола алу мүмкіндігін сақтаған болса, ол үшін 
қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстің 34-бабының ережелері ескеріле отырып 
шешіледі. 
Қылмыстық кодекстің 37-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер күштеп мэжбүрлеудің салдарынан 
адам өзінің іс-әрекетіне (эрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нэтижесінде осы 


153 
Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыстық қүқық бұзушылық болып табылмайды 
делінген. Бұрынғы қолданылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 36-бабында 
мұндай норма тұңғыш рет арнайы көрсетілген еді. Үзақ жылдардағы сот-тергеу тэжірибесі 
көрсеткендей, күштеп мэжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-эрекет жасап, азаматтар мен 
ұйымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодекстегі арнаулы 
норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің зандылық салдары- на баға берген. Осы 
нормаға сәйкес, мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп тура 
көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртка 
шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылкының етін кыстаққа апаруға бұйырған. Немесе 
бір топ бандиттер банкке шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, кассирге пышак кезеу арқылы 
қорқытып, сейфтегі акшаны тонап кетеді. Міне, осында келтірілген мысалдардағы жүргізушінің 
немесе кассирдің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені олар іс-эрекетті күштеп мэжбүрлеу 
салда- рынан өз еріктерінен тыс, іс-әрекеттерін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр. 
Күштеу
- бұл белгілі бір әрекетті істеуге мэжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш 
қолданылып, оның жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын эрекеттер орын алады. Күштеу 
тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 37-бабының 
1-бөлігінде көрсетілген күшпен мэжбүрлеу тойтары- лмайтын жағдайда ғана орын алады. 
Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан 
тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 37-баптың 1-бөлігі қолданылмайды. 
37-баптың 2-бөлігінде мэжбүрлеудің екі түрі - психикалык мәжбүрлеудің, сондай- ақ күштеп 
мәжбүрлеудің нэтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян кел- тіргені үшін соның 
салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған жағдайда қылмыстық 
құкық бұзушылық үшін жауаптылық туралы мәселе айтылған. Мұнда сөз тойтарылатын психикалық 
және күштеп мәжбүрлеулер тура- лы болып отыр. Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті тандай 
алу мүмкіндігі бар, яғни қылмыстык кұкық бұзушылықты істеуге немесе істемеуге. Мэжбүрлеудің 
осы екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген жагдаида 
олардың әрекеті келтірілген зиян тоитарылған зияннан көп болган жағдаида гана қылмыстық кұқық 
бұзушылық болып табылады, ал зиян аз болса, ондай іс-әрекетке Қылмыстық кодекстің 34-бабында 
көрсетілген аса қажеттілік ережесі қолданылып, іс- әрекеттің қогамга қауіптілігі жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет