154
қаймығатын түгі жоқ. Қылмыстык заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірудің негізі бо- лып міндетті
бүйрықты жэне өкімді орындау әрекеті болып саналады. Бүйрық дегеніміз
өкімді органның ресми
түрде берген жарлыгы (әскери бастықтың, мекеме басшысының, кәсіпорын жетекшісінің). Бүйрық
оны істеуге өкілеттігі бар адамы аркылы ауызша не- месе жазбаша түрде жүзеге асырылады. Мүндай
бұйрыктар мазмұны жөнінен заңсыз, қылмыстық заң қорғайтын мүддеге
зиян келтіретін болуы
керек. Осындай міндетті бүйрықты орындаушылардың іс-әрекетінің заңға сыйымдылығы мынадай
белгілер- мен анықталады: міндетті бүйрыкты орындаушы бүйрық берген лауазымды адамға
бағынышты болуы; міндетті бүйрық соны беруге қүқылы лауазым арқылы,
тиісті ны- санда
шығарылса, ал орындаушы қызметі жөнінен мүндай міндетті бүйрықты орындауга міндетті болса;
міндетті бүйрықты орындау қылмыстық заң қорғайтын эр түрлі мүддеге зиян келтірсе (табиғи
ортаға, мысалы, тазаланбаған лас суды бастыктың бүйрығы бойын- ша өзенге жіберу, ластау,
мемлекет мүлкін бей-берекет жүмсау, жарамсыз жабдықпен жүмыс істеп, еңбекті қорғау ережесін
бұзу, үшакты
егіс даласына қондырып, егісті бүлдіру т. б. әрекеттер). Мұндай міндетті бұйрықты,
окімді орындаушылар, шын мэнінде, қылмыстык заңда көрсетілген іс-эрекетті жасайды.
Бірақ та
Қылмыстык кодекстің 38-бабы І-бөлігінің талабына сәйкес ол іс-эрекет орындаушылар үшін қылмыс
болып табылмайды. Мүндай зиян келтіргені үшін заңсыз бүйрықты немесе өкімді орындаған
адамдар емес, керісінше заңсыз бұйрык өкімді берген адам қылмыстық кұқық бұзушылық үшін
жауапқа тартылады.
Қылмыстык кодекстің 37-бабының 2-бөлігінде:
«Көрінеу заңсыз бүйрыкты немесе өкімді орындау үшін қасақана қылмыс жасаган адам жалпы
негіздерде қылмыстық жауапка тартылады. Көрінеу заңсыз бүйрықты неме- се өкімді орындамау
қылмыстық жауаптылықты болдырмайды», - делінген. Осы заңның талабына сәйкес мұндай ретте
орындаушы бұйрықты немесе өкімнің айкын, көрінеу заңсыз екенін біледі, сезеді, соған карамастан
соны орындамауға мүмкіндігі
болса да оны орындап, қылмыс істейді. Мұндай әрекеті үшін
орындаушы қасақана қылмыстык кұкык бұзушылық істеген адам ретінде жауапка тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: