Төртіншіден,
кылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Ягни, қылмыс
жасаған адамның кінәсін аныктау оган жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық құкық
бұзушылыққа жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес
мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгілене- ді. Қылмыстық жаза кінэлі адамға
мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазым- ды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді
де босата алмайды, занды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме,
лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден,
мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық құқық
бұзушылыққа заңца көрсетілген нақты қылмыстық кұқық бұзушылықты жасаған кінәлі адамға
қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің кылмыстық-
кұкылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «адам өз кінәсі аныкталған
коғамға қауіпті эрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қогамдық қауіпті зардаптар үшін ғана
қылмыстық құқық бұзушылыққа жауапқа тартылуға тиісті», - делінген. Сондай-ақ эрбір істелген
қылмысқа жаза тағайындау мін- детті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі
сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінэлінің істеген қылмысының қоғамға
қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, кылмыстык құқык
бұзушылық нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға (70-бап)
болады.
156
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік
құқылык жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінэлінің кінэсін бетіие басу
арқылы берілетін теріс кұкылық бага болып табылады. Бетіне басудың жэне кінэлаудың дәрежесі
қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына жэне оның кылмысты іс-
әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мы- салы,
соттың кінэліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануга немесе белгілі
бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыстық кұкык
бұзушылық жасаган жагдайда кінэліге заңда көрсетілген негі- зде ерекше жаза - өлім жазасын
тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп. кез келген кылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам
материалдык, моральдык, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінэліні жазалау
болып табылады.
Қылмыстық жазаның баска да мемлекетгік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану
кінэліге барлық уақытта да сотталғандык туралы атақ береді. Сотталғандыктың кінәлі үшін белгілі
бір құқылык зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық
кейбір жағдайларда кылмысты ауырлататын мән- жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде
кылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін
маңызды мәнге ие болады. Сонымен, кылмыстык жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан
қылмыстык құқық бұзушылық жасаған адамға кылмыстык заңмен белгіленген мемлекеттік шараны
қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның экімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы
мынадай:
біріншіден,
кылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зар- дабы, ал экімшілік шара болса,
ол қылмыстык кұкық бұзушылық болып табылмайтын коғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана
тағайындалады.
Екіншіден,
қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік
шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды.
Үшіншіден,
қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған кылмыстық
жаза кінәліге сотталғандык атак береді, ол әкімшілік жазага тартылғандар үшін мұндайда құқылық
зардап болмайды.
157
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты -
әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ
сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден ал- дын ала сактандыру екендігі
айтылған.
Әлеуметтік эділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау жэне жа- заны
орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сактандыру жазаның арнаулы ескертуі
болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпыма келтіру дегеніміз қылмыстық құкық бұзушылық істеген адамга
эділетті жаза тагайындау, істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың қогамга қауіптілігі, келтірілген
зиян мөлшері, жаза тагайындаудың басты негіздері, кінэлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле
отырып, қылмыстық құқык бұзушылық сай келетін, әділ жаза тагайындау болып табылады.
Әлеуметтік эділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принцнппен қатаң басшылыққа алып
жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа әділ кұкылық бага жэне лайыкты жаза белгілеу кажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық кұкықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық
кодекстің 2-бабындагы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қоргау, алдын алу делінсе,
ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық негіздері
белгіленіп, қылмыстық кұкық бұзушылық ұғымы айқындалады, кылмыстық кұкык бұзушылық
істеген адамдарға қолданылуға тиісті жаза- мен өзге де қылмыстық-құқылык ықпал ету шаралары
белгіленеді.
Арнаулы
сактандырудың
иелсрі
болып,
қылмыстық
кұкык
бұзушылық
істеп
сотталғандартанылады.Жазаныңмақсаты бұл адамдардыңтарапынантағы да қылмыстық құқық
бұзушылық істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген
мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз
орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жер- де түзеу дегеніміз кылмыстық кұқык
бұзушылык істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялык көзқарасын өзгертіп, қылмыстық
құқык бұзушылық құбылыска, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күнкөріске деген пиғылдарын,
жазадан корыкса да өзгертіп, дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да кылмыскерге жаза тағайындау аркылы оны түзеу жазадан корықса да қылмыстык
158
кұқық бұзушылық істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орын- дайтын адам етіп
қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыстық құқық
бұзушылық істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыстык күқық бұзушылык істемеген,
бірак тәртіптік, экімшілік кұкык калыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыстық
құқық бұзушылық істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай элеуметтік тұрақсыз
адамдарды кылмыстык құқықта көрсетілген жазамен корқыту арқылы және қылмыстық құқық
бұзушылық істе- гендерге жазаның сөзсіз колдануын ескерту, кылмыстан сақтандырудың жалпы түрі
бо- лып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір корінісі
болып табылады. Қылмыстық кұқық қалыптарының жеке түрлерінің санкция- ларында көрсетілген
жазаларда кылмыстық құқык бұзушылық істеген кінэлі адамдарға қолданбақшы болып қоркыту
арқылы қылмыстық заң барлык азаматтарға, олардын психологиялык сана-сезіміне әсер ету аркылы,
олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, кұқық тэртібін нығайтудың қажеттілігі
туралы көзкарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза - кінәлінің жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, корлау максатын
көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстык кұқықтың адамгер- шілік принципі болып
табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ
па екен деген заңды сұрак туындайды. Жаза сотталған адамның кұкыктары мен бостандыктарына
шек кою арқылы, сөз жок, оның жанын кинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде карама-
қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жон. Жаза
қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау максатын тіпті де
көздемейді. Сотталган адамның құқықтары мен бостандыктарына заңда көрсетілген шекті қою
жазаның мазмұнын, ал арнаулы жэне жалпы сактандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету
құралын кұрайды. Сотталган адамның коғамнан окшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі,
әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады. Өйткені жаза
тән азабын шектіруді немесе адамның кадір- касиетін қорлауды мақсат етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |