Тарих 90 жауаптар


)Шығыс Түркістан мен Жетісу: моңғол шапқыншылығы кезеңі



Pdf көрінісі
бет15/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Тарих 90 жауаптар

23)Шығыс Түркістан мен Жетісу: моңғол шапқыншылығы кезеңі.
Шыңғыс-хан əскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы
жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық жəне мəдени
прогресін, олардың саяси əлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан
зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан
жаппай қырып жою жəне күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тəсілдерін
қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік


Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тəсілдің алғашқы
құрбандары болды. Моңғол əскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып
отырды. Араб жəне парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей
дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мəселен, моңғолдарға
дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана
қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен.
Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ,
оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран,
Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.
Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан
кейін туған ауыр зардаптарының əсері басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді.
Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол
шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары
Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы
туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып
болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дəлелдемелер қалдырып кеткен. Яғни
моңғол шапқыншылығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына жəне қалалардың
өмір сүруінің экономикалық негізінің əлсеруіне əкеп соқты.Тоқырау мен материалдық
жағынан ғана əсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық
жағынан рухани мəдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол
қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен əлдеқайда төмен еді. Бұл
шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің,
золық – зомбылықтың күшін орнатты.Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған
моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең
ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық жəне мəдени прогресін,
олардың саяси, əлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет