28)Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
Орталығы Сарайшық. Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы
ұрпақтары қалады. Ноғай Ордасының орталығына айналған Сарайшық əкімшілік пен
сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті. Жаңа мемлекеттің атауы Алтын
Орданың əскербасы Ноғай есімімен байланысты.
Ноғай үлкен ұлысты басқарды, мемлекеттегі маңыздылығы жағынан екінші орындағы
беклербек лауазымын иеленді. Жайық пен Еділ аралығындағы тайпалар бірлестігі
Ноғай ұлысына енген маңғыт тайпасының атымен Маңғыт жұрты деп аталды. XV
ғасырдың бірінші жартысында маңғыт жұртының (Ноғай Ордасының) қалыптасуы
аяқталды. Ноғай Ордасының тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы Едіге тұсында
басталды. Едіге Алтын Ордада бірнеше жыл бойы беклербек болды. Едіге билік еткен
тұста Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөліне бастады.
Ноғай Ордасының саяси тарихы.
Ноғай Ордасы XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында
түпкілікті түрде оқшауланды. Ноғай Ордасының шегаралары сыртқы саяси жағдайға
байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдың екінші жартысына қарай ноғайлар
«өзбектер» жеріне жылжыды. Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп жатқан
Əбілқайыр ноғайларға қарсылық көрсетпеді. Ноғайлар оның бодандары санын
толтырады деп үміттенді.
XVI ғасырдың басында Ноғай Ордасында құлдырау кезеңі басталды. XVI ғасырдың
50-жылдары (Қазан жəне Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін) Ноғай
Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлінді. Маңғыттардың билігінде тек Жайық бойы
аймақтары ғана қалды. Ноғай Ордасындағы көшпелі рулардың бір бөлігі Кіші жүз
құрамына енді. Енді бір бөлігі ноғай халқының негізін қалады. Орданы мекендеген
тайпалар қазақ халқының этникалық қалыптасуында маңызды рөл атңарды. Шоқан
Уəлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атады. Едіге, Қамбар
батыр, Ер Тарғын жəне басқа батырларға арналған көптеген эпостар Ноғай Ордасы
өркендеу дəуірінің белгісі болып табылады.
|