Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су
реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің
территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты
нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған еді.
Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші
орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру
мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: