Тарих 90 жауаптар


)1991 жылғы тамыз бүлігі жəне КСРО-ның ыдырауы



Pdf көрінісі
бет61/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Тарих 90 жауаптар

79)1991 жылғы тамыз бүлігі жəне КСРО-ның ыдырауы.
Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік
билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мəскеуде ұйымдастырылған
төңкеріс.
КСРО-ның басшылары 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты
ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мəлімдеді. Осы
кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы əлеммен
байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз
қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол
қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол
шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан əлдеқайда көп дербестік
беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын
тұншықтыру жəне нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі
əміршіл-əкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл.
к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық
қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды жəне митингілер мен демонстрациялар
өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды.Тамыз бүлігіне қарсы
күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды.
Төңкерісшілерді жоғары шендегі əскерилер мен партиялық номенклатураның шағын
бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді.
Мəскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей
үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мəскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан
қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып,
үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиғалар КСРО-ның ыдырауын тездетті.
1990 -1991 жылдары КСРО-ның алдында тұрған негізгі проблемалардың бірі жаңа Одақ
шартына қол қою мəселесі тұрды. Дайындық жұмыстарының нəтижесінде 1991 жылы
бірнеше жоба жарияланды. 1991 жылы наурызда М.Горбачевтің бастамасымен КСРО
болуы керек пе жəне ол қандай болу керек деген мəселеге байланысты бүкілодақтық
референдум өтті. КСРО халқының көп бөлігі КСРО-ны сақтап қалуға дауыс берді.
Бірақ, 1990 жылғы сайлаулар нəтижесінде құрылған одақтас республикалардағы жаңа
билік органдары жаңа шешімдер шығаруда дербестік танытты. 1990 жылдың аяғында
КСРО-ның барлық республикалары өздерінің егемендігі туралы, республикалық
заңдардың одақтық заңдардан жоғары туралы Декларация қабылдады. Сарапшылар бұл


жағдайды «егемендік шеруі» мен «заңдар соғысы» деп атады. Саяси билік біртіндеп
орталықтан республикаларға көшті.
КСРО-ның күйреуінен кейін орталықта да, аймақтарда да үлкен дағдарыс болатындығы
баршаны алаңдатты. Мұның бəрін бірлесе отырып шешетін, жаңа Одақ туралы шарт
келіссөздеріне ерекше мəн берді. 1991 жылдың көктемі мен жазында, КСРО Президенті
М. Горбачевтың қатысуымен Мəскеу маңындағы Ново-Огарёво резиденциясында
республика басшыларының кездесулері өтті. Ұзақ жəне қиын келіссөздердің
нəтижесінде «9 + 1», яғни келісімге қол жеткізілді тоғыз республика мен орталық
одақтық шартқа қол қойылады деп шешті. Келісімшартқа қол қою 1991 жылдың 20
тамызына жоспарланды.
1991 жылғы қарашада жеті республика (Ресей, Беларусь, Əзірбайжан, Қазақстан,
Қырғызстан, Түркіменстан, Тəжікстан) Ново-Огарёвода жаңа мемлекетаралық ұйым -
Егемен мемлекеттер одағын құруға ниет білдірді. Жеті мемлекет басшылары 1991
жылдың аяғына дейін одақ туралы жаңа шартқа қол қою туралы шешім қабылдады.
1991 жылы 25 қарашада оған қол қою жоспарланған болатын. Бірақ бұл болмады. Тек
М.Горбачев қол қойып, жоба өзі жеті республиканың парламентіне бекітуге жіберілді.
Бұл жай ғана сылтау болды.
Шын мəнінде, барлығы 1991 жылы 1 желтоқсанға белгіленген Украинаның тəуелсіздігі
туралы референдумның нəтижесін күтті. 1991 жылғы желтоқсанда Украина халқы
Украинаның толық тəуелсіздігін жақтап, М. Горбачевтің КСРО-ны сақтап қалуға ниеті
орындалмады .
Орталықтың əлсіздігі 1991 жылы 8 желтоқсанда Брестке жақын орналасқан Беловежя
Пущасында Беларусь, Ресей жəне Украинаның басшылары Тəуелсіз Мемлекеттер
Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Онда «1922 жылғы одақтық
шартқа қол қойған КСРО құрылтайшылары КСРО халықаралық құқықтың субьектісі
ретіндегі жұмысын тоқтатады» шешілді. Бұл келісім 1922 жылғы КСРО құру туралы
шарттың күшін жойды жəне оның орнына ТМД құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет