70)Бай шаруашылықтарының тəркіленуі жəне оның саяси-экономикалық
салдарлары.
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын
жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын
күшпен жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар
Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тəртібі
туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар
шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар
шаруашылықтарын тəркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар
негізінде 1929 жылы 10 қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған
қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар,
саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. Сталин 1929 жылы
сəуірдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей —
жұмысшы табының тірегі, орташа шаруа — одақтасы, кулак — тап жауы” деген
тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар
конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тəртібіне қойды.
1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды.
Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды.
Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А.
Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы
мəжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын
тəркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркəсіп
құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру
туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып əкелінетін
30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда
БК(б)П
ОК
бюросының
“Жаппай
ұжымдастыру
аудандарындағы
кулактар
шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда
бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды.
|