Тарих 90 жауаптар


)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері: Туы, Елтаңбасы



Pdf көрінісі
бет62/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Тарих 90 жауаптар

80)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері: Туы, Елтаңбасы,
Əнұранының бекітілуі.
Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» жəне «Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік əнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол
қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары
Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11
желтоқсанында Мемлекеттік əнұранның мəтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рəміздер


туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рəміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен айқындалды.
Елтаңба:
Рəмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның
жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн
шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң
күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала
дүлдiлi, ер-азаматтың сəйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты.Елтаңбасының авторлары —
Жандарбек Мəлiбеков пен Шотаман Уəлиханов
Ту: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк негiзгi рəмiздердiң бiрi. Туының авторы — суретшi Шəкен Ниязбеков.
Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi
жəне Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк
аспан барлық халықтарда əрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың
нышаны болған.
Əнұран: Қазақстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рəміздерінің бірі - əнұран,
мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Əнұран
салтанатты рəсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты
орындалады
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен
Сенатының бірлескен отырысында жаңа əнұран қабылдау туралы айтылды. Заң
жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа
əнұранның авторлар құрамына Н.Ə.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын
білдірді. Парламент депутаттары жаңа əнұран мəтінінің авторлары Ж. Нəжімеденов пен
Н.Ə.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал əні бұрынғы қалпында сақталды. Əнін
жазған Ш.Қалдаяқов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет