Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Қызметті жабдықтаушылармен келісімшарт отыру



Pdf көрінісі
бет111/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   153
suraganova turizm inf

Қызметті жабдықтаушылармен келісімшарт отыру
Топтағы адам саны жəне келу күні, қонақүй, авиалиния жəне 
бас қа да қызметтер орындалған, белгіленген уақытта қызмет 
жабдық тау шылармен келісімшарт, контрактіге қол қойылады. 
Қонақүй мекемелерімен келісімшарт жасау
Халықаралық тəжірибеде қонақүй мекемелері мен туропера-
тор, турагент арасындағы қарым-қатынасты реттестіріп отыра-
тын келісімшарт жəне құжаттар танымал болып табылады. 
Олардың бірі – 1970 жылы Халықаралық қонақүй конферен-
циясы мен дүниежүзілік туристік агент ассоциациясының феде-


200
рациясы құрған Қонақүй конвенциясы болды. Конвенция келісім 
шартқа отырушы екі жақтың міндеттерін, оның қолдану сфера-
сын, қонақүй контрактілерінің түрлерін, оларды құрастырудың 
жалпы жəне жеке заңдарын, кезекпен төленетін комиссиялық 
төлемдердің көлемін, келісімшартты бұзу жағдайларын анықтай-
ды. 1979 жылы Қонақүй конвенциясына бірнеше түзетулер 
енгізіліп, ол «Халықаралық қонақүй конвенциясы» атағына ие 
болды, жəне ол 1993 жылы туроператор мен қонақүй арасындағы 
қарым-қатынастың жəне қонақүй контрактілерін құрудың кодексі 
болды. Кодекс қонақүйге категория, отельдің орналасуы, қызмет 
көрсету деңгейі толық əрі анық ақпараттар беруге міндетті. 
Онда турагент өз клиенттеріне келісімшарт бойынша бел-
гіленген бағадан жоғары баға қоюға құқысы жоқ екенін анық-
таған. Бұл сонымен қатар қонақүймен дəл осындай жағдайда жұ-
мыс істейтін туроператорларға байланысты. Бірақ та турагент те, 
туроператор да, қонақүй де келісімшартта келісілген бағаны көр-
сетуіне болмайды. 
Кез келген келісімшартта келесі жағдайларды қарастыру ке-
рек:
- Нөмірлер мен брондау бағасы;
- Нөмірлер түрі мен олардың қажетті саны;
- қызмет көрсету уақытының ұзақтығы (маусым);
- бос болатын кезеңі;
- туристердің келу тізімі;
- бірлік қызмет көрсетудің мерзімі мен ұзақтығы;
- кірістірілген қызметтер жиыны;
- тамақтану мекемелерінің формасы мен деңгейі – мысалы, қо-
нақүйдегі мейрамханаларда тамақтар ұсыну (таңғы ас, жартылай 
пансион, толық пансион, швед үтелі, т.с.с);
- туристерді тамақтандыру уақыты;
- демалыс уақытындағы арнайы жағдайлар (мысалы, мүге-
дектер үшін, вегетариандықтар үшін жəне қалалық жағажаймен 
қолдану т.б.);
- персоналдардың міндетті түрде сөйлеу керек тілдері;
- туристердің келуін нақтылайтын мерзім (брондау);
- айыппұлдың көлемі жəне бас тарту мерзімі;
- бірнеше адамға брондау жəне бірнеше рет брондау жүйесін 
қолданған адамдар үшін жеңілдіктер;


201
- брондалғаннан кейін одан бас тарту немесе демалысты соңы-
на дейін өткізбеу, қонақүйге орналасудан бас тартқаны жəне т.б. 
үшін материалдық жауапкершілік;
- басқа да спецификалық мəселелер (мысалы, қонақүйдің сау-
насын, бильярдтарын жəне т.б. нөмір қорына кіруі немесе кірмеуі; 
бассейннің жұмыс істеу уақыты);
- сонымен қатар, қызметті жабдықтаушының беретін кепіл де-
месіне назар аударған маңызды (қонақүй уəде берген орналасуы-
на уəде кепілдеме бере ме?).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет