209
жұмысшылары өздерінің өндірістік-пайдаланушылық қызмет-
терінде əртүрлі қызмет түрлерін жасайды жəне ұсынады.
Қызмет көрсету процесі ерекше айқындылықты жəне жұмысты
жоғары дəрежеде ұйымдастыруды талап етеді. Себебі, клиенттің
қажеттілігін максималды деңгейде қанағаттандыру үшін
қызмет
көрсетудің мəдени деңгейінің жоғары болуы маңызды болып та-
былады. Туристік қызмет көрсетудегі ең негізгі ескеретін жағдай
– тұтынушымен байланыс болып табылады. Осының арқасында
қызметті ұсыну жəне өндіріс процесі дəл уақытында түйіседі, ал
клиенттер оған тікелей куəгер болады. Мұнда туристік индустрия
мекемесінің персоналына жоғары жеке жəне кəсіби талаптар
қойылады.
Біліктілік деңгей адамның белгілі бір мəселені нақты орындау-
дағы еңбек процесінде пайдаланылатын физикалық жəне ақыл-
ойлық қабілеттерімен сипатталады.
Персоналдың біліктілік
деңгейі оның білімділігі, кəсіби білік-
тілігі, ақылы, əдеттері жəне т.б. қасиеттері арқылы көрінеді. Ту-
рис тік индустрия мекемесінің персоналы үшін қызметтегі сəй-
кестіктің болмауы манипуляция жəне операцияларды жүзеге
асыру барысында өте үлкен қателіктерге соқтырады.
Туризм мекемелерінің жəне қонақүй шаруашылығының (ме-
неджерлер) басқарушы персоналдары үшін арнайы сипаттағы
кəсіби талаптар қойылады: басқарушылық жұмыстың табиғатын
түсіну, менеджмент үдерістері, менеджердің қызметтік міндет-
терін білуі, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары, мекеме
жұмысының
тиімділігін жоғарылату, қазіргі заманғы ақпараттық тех-
нологияларды пайдалана білуі, адами ресурстарды басқару өнері жəне
сыртқы байланыстар, өзін-өзі бағалау қабілеті, дұрыс қорытынды жа-
сай білуі жəне үнемі біліктілігін жоғарылатып отыруы.
Туристік индустрия мекемелерінің персоналына қойылатын
негізгі талаптар:
1. Туристік қызмет субъектісінде
арнайы туристік білімі
жəне 3 жылдық жұмыс стажы бар 30%-дан кем емес мамандар
болуы керек.
2. Туристік қызмет субъектісінің немесе туристік бөлімшенің
басқарушысы (менеджер) жоғарғы білімді болуға тиіс, сондай-
ақ арнайы туристік білімі немесе 3 жылдан кем емес жұмыс
тəжірибесі болуға тиіс.
14–1037
210
3. Туристік қызмет субъектісінде еңбек келісімі (оларды
жұмысшылармен келіскен жағдайда), білімі туралы немесе кəсіби
даярлығы туралы құжаттар (көшірмелері), жұмысшылардың
еңбек кітапшасы сақталуға тиіс.
4. Туристік қызмет субъектісі гид-аудармашыларды жəне
экскурсоводтарды олардың құжаттары
негізінде шет елдік турис-
термен жұмыс жасауға тарта алады. Келтірілген құжаттардың
көшірмелері туристік қызмет субъектісінде сақталуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: