203
жəне сол əуе компаниясының брондау жүйесіне енуге құқылы бо-
лады.
Бұл жағдайда əуе компаниясы сол туристік фирма ретінде
қосымша орынға ие болады. Əуе компаниясы
мен агенттік келі-
сім барысында келесі жағдайларды да қарастырады:
- əуе билеттерін жəне олардың бланкілерін рəсімдеу үшін
пай
даланылатын жабдықтарды кім жəне қандай жағдайларда
жабдықтармен қамтамасыз етеді;
- осы құрал-жабдықтарды іске қосатын кадрларды дайындау
мəселелері;
- сату көлемдері (көбінесе жеке көлемдер орнатылады) – бір
айдағы билеттер саны, мысалы, 10/200
билеттен кем емес немесе
сатылымнан түскен түсімдер бойынша (10-200 мың АҚШ долла-
рына дейін жəне басқа əуе компанияларында көбірек);
- мүмкін болған сатылымдардың шегі (аймақтық немесе
тұтынушылар сегменті бойынша);
- əуе билеттері қайсысының бағасымен сатылады – əуе ком-
паниясының бағасымен немесе туристік агенттіктің бағасымен
(көбінесе əуе компаниясының бағасымен);
- əуе билеттерінің сатылу бағасы жəне тарифтері;
- əуе билеттеріне ақша төлеудің шарттары –
алдын ала төлем
немесе сатылу өлшемінің төлемі (кейбір əуе компанияларында
сток-агенттер үшін туристер тобына алдын ала төлем орнатыла-
ды);
- əуе билеттерін сатудағы комиссиялық сыйақының мөлшері
(сатылған тарифтен 9% дейін);
- əуе компаниясына есеп берудің мерзімі жəне жиілігі, оның
формасы құжаттық үлгіде болуы шарт;
- əуе компаниясының пайдасына
банк кепілдігінің өлшемі
не месе халықаралық əуе транспорты ассоциациясының (IATA)
өлшемі (20 мың доллардан бастап);
- IATA-ға мүшелік.
Чартер (ұшақты жалдау). Чартерлік əуе тасымалдарын ұйм-
дастыру барысында тапсырыс беруші мен əуе компаниясы марш-
рутты анықтап, тараптардың міндеттерін келісіп, ха лықаралық
ережелерге сай жалға берушілік келісіміне отырады жəне рейстің
құнын анықтайды.
Оның құрамына ұшақты жалдау, жанармай
шығыны, экипаж жұмысы, əуежайдағы қызмет көрсету кіреді.
204
Кейін төмендегідей ерекшеленетін арнайы чартерлік келісім
орнатылады:
ұшақтың түрі (маркасы), сатылымдағы орындар саны,
ұшақты
жалдаудың құны, ұшу жəне қону əуежайлары көрсетілген марш-
рут, келісімнің жарамдылық мерзімі (маусым, жыл жəне т.б.), əуе
рейстерінің жүзеге асырылу жиілігі, əуе рейсін жəне соған сəйкес
санкцияларды алу (жою) мерзімінің мүмкіндігі жəне шегі.
Достарыңызбен бөлісу: