205
медициналық қызмет; мəдени іс-шаралар жəне т.б.
Қосалқы
туристік қызметтер: сувенирлермен қамтамасыз ету; сауда, ақша-
несиелік, ақпараттық жəне басқа да қызметтер; арнайы байланыс
түрлерінің
қызметтері, жеке сейфтерді ұсыну жəне т.б.
3. Туристерге қызмет көрсету операцияларының
техноло гия лық жүйелілігі
Турды ұйымдастыруда тіркеудің маңызы туристер мен қызмет
етуші персоналдардың қарым-қатынас барысында бір-біріне тек
жағымды əсерлерінің
болуына ғана байланысты емес, ол соны-
мен қатар туристердің қызметтер мен технологияларды ұсынудың
психологиялық аспектілеріне байланысты болады.
Қонақжайлылық туристік өнімнің маңызды бөлігі ретінде
танылды. Бұнсыз кез келген туристік өнім мүлдем
танылмайды
жəне турист өзі күткен қанағаттандыру деңгейін ала алмайды.
Туризм индустриясындағы қонақжайлылық – бұл кəсіби талап,
бұл адамдарға олар үшін қуанышты екеніңді сездірте білу өнері.
Қонақжайлылық персоналдың адамгершілігінен, құрметінен,
кішіпейілділігінен көрінеді. Бұл түсінік көптеген факторлардың
қосындысынан тұрады:
- туристер күткен таным жəне
ойын-сауық, демалу мүмкіндігі-
нің жергілікті жəне аймақтық нарықтары туралы сапалы ақпарат
беру;
Достарыңызбен бөлісу: