Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


-кесте. Туристік өнім ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет12/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153
suraganova turizm inf

2-кесте. Туристік өнім ерекшелігі
Туристік өнім
Материалдық қызметтер
Материалдық емес қызметтер
Қонақүй нөмірлері, жиһаздар, құрал-
жабдықтар, тамақтану, транспорттық 
құрал-жабдықтар жəне т.б
Сервис, атмосфера, достық 
қарым-қатынас, қатыстық, ини-
циатив жəне т.б 
Туристік өнімді құраушы қызметтердің мүмкіндіктерін бағалау.
Басқа орналастыру объектілеріне, транс-
портқа қарағанда шынайы, объективті, 
салыстырмалы, өлшеулі жəне т.б.
«Қызмет-баға» жиынтығы клиенттерге 
түсінікті
Абстрактілі, субъективті,
Тауар мен қызмет көрсетуді бір-бірінен айыратын туристік 
өнімге, төрт түрлі мінездеме берілген: өндірістің бөлінбеуі жəне 
тұтыну, өзгертілуі жəне оны сақтай алмауы. 
Туристік өнімді ұстап қала алмаушылық, туристік қызметтің 
белгілі бір бөлігі болып табылады, бірақ оларда нақты бір пішім 
болмайды. Оларды демонстрация жасауға, көруге немесе алғанға 
дейін татып көруге болмайды.Тауарды сатып алғаннан кейін, 
мұндағы қызмет көрсету бір затқа деген иелікті көрсетпейді. 
Сондықтан да қызметті сатып алып жатқан тұтынушыда сатушыға 
деген сенімділік үміті əрдайым болады.
Өндірістің бөлінбеуі жəне тұтыну, көптеген мамандардың 
пікірінше, қызметтерді нағыз қызмет түрінде жəне оның тауардан 
айырмашылығын көрсететін бірден-бір негізгі ерекшелігі болып 
табылады. 
Өзгертілім – туристік қызметтің негізгі белгісі болып та-
былады. Туристік қызметтің сапасы оны кім, қашан, қайда 


25
көрсететініне байланысты. Бір қонақүйлерде сервис жоғары 
дəрежеде ұйымдастырылған болса, ал екіншісінде жанын-
да орналасқан, қызмет көрсетілімі өте нашар болуы мүмкін. 
Көбінесе жұмысшының жұмыс істеу деңгейінің нашарлығы, 
мамандығының төмендігінен, дайындығы жəне оқу үлгерімінің 
əлсіздігінен, менеджерлер тарапынан үнемі қолдаудың бол-
мауы осыған себеп болады. Кейде қызмет көрсету сапасының 
өзгертілімі жұмысшының мамандығының жарамсыздығына 
байланысты, оның мінез белгісінің сəйкес келмеуі, кадрларды 
тағайындаған кезінде оларды дұрыс таңдау жасау мүмкіндігінің 
болмауы. Клиенттердің сұраныстарына байланысты əрбір 
тұтынушының ерекшелігі жекешілік қасиеттерінің жоғарғы 
дəрежесін түсіндіреді.
Сақтай алмаушылығы – туристік қызметтің кейінгі айрықша 
белгілері. Оларды өндіруге немесе қоймалауға болмайды. Жо-
лаушы тасымалдаушылар транспорты, түнеу үшін орналас-
тыру құралдары кейінгі сатылым үшін өнеркəсіп жəне ауыл 
шаруашылық құралдары қолданылмайды.
Əрбір өнім, соның ішінде туристік өнім, өз даму сатысында
төрт кезеңнен тұрады: нарыққа ену, өсу, кемелдену жəне құлдырау.
Енгізу – жаңа өнім пайда болатын нарықтың өмірлік циклінің 
бастапқы сатысы. Бұл сатылым көлемінің ең аз қамтылған 
бөлігімен сипатталады жəне маркетинг пен өндіріске үлкен 
шығындарға жұмсалатын сатысы болып табылады (жарнамаға 
кеткен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет