26
Өсу кезеңі – бұл кезеңде тауардың жаңғыртылуы, жетілдіруі
ұлғая бастайды, тұтынушылар
тауарды жақсы біліп, сатып ала
бастағандықтан оның өткізу көлемі жылдам өсе бастайды.
Кемелдену кезеңі – тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы
сұраныс төмендейді, кемелдену
сатысы бойынша ТӨЦ-тің ең
ұзақ кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде нарық шектен тыс сег-
менттелген жəне өндіріс қуаттылығы толығымен қолданылады.
«Сенімділік феномені» үлкен мағынаға ие, себебі танымал
өніммен тағыда жүздесуге мүмкіндік береді.
Құлдырау кезеңі – технологиялық процесс əсерінен жаңа
жəне айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайды. Бұл
кезеңде өндіріс қуаты
біршама толық қолданылмайды, сұраныс
пен пайда тұрақты түрде төмендейді. Құлдырау сатысында
фирманың қызмет етудің бірнеше альтернативті нұсқалары бо-
лады.
Біріншіден, ұсыныс көлемін қысқарту керек; екіншіден,
өнімді жақсарта отырып оның нарықтағы жағдайын орнықтыру
немесе өтімділік
арналарын қарастыру керек; үшіншіден, өнімді
шығаруды тоқтату.
5. Қазақстандағы жəне Ресейдегі инфрақұрылымның даму
деңгейінің салыстырмалы сипаттамасы
Əлемнің көптеген елдерінде туризм саласы
басты табыс көзі
болып табылады жəне бұл тақырып Қазақстан үшін де маңызды,
осы арқылы бұл саланы дамыту жоспарлануда. Ең бастысы
осы сала бойынша жаңа экономикалық-əлеуметтік деңгейдегі
туризмнің дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі
таңда транспорт
пен технологияның дамуына байланысты адамзат баласы өте
көп мөлшерде саяхаттауда. 2006 жылы Қазақстандағы туризм
дамуының маңызды қадамы, мемлекет
қолдауындағы бірден
бір іс-шара ол - 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаның қабылдануы.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің
деректеріне сүйенсек, есеп беру кезеңінде республикада 1029
туристік фирма жəне 53 жекеменшік кəсіпорындар қызмет
көрсетеді. Қонақүй шаруашылығындағы кəсіпорындар саны
1055 бірлікті құрады жəне 27% көтерілді. 2007
жылдан бастап
1007 туристік фирма өз қызметін жүзеге асыруда. Қазақстандағы
27
орналастыру объектілерінің қызметін пайдаланған келушілер
саны 9-суретте көрсетілген.
Қазақстан облыстары бойынша орналастыру объектілерінің
қызметін пайдаланған келушілер саны 10-суретте берілген:
Достарыңызбен бөлісу: