Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет11/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153
suraganova turizm inf

7-сурет. Туристік өнім құрылымы
Туристік пакет – турисік өнімнің бөлігі, анығырақ айтатын 
болсақ, турдың негізгі бөлігі (тур көбірек туристік пакетке тең).
Тур – белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір марш-
рут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет 
көрсетулер кешені. Міндетті бағдарламалар – маршруттағы тур, 
турпакет жəне кешенді қызметтерді, туроператор туристік жол-
дама немесе ваучерлік құжаттар түрінде рəсімдейді, клиент-
ке көрсетілетін қызметтердің барлығына турфирма тарапынан 
міндетті түрде кепілдік беріледі. 
Тауарлар – туристік өнімнің спецификалық материалдық 
бөлігі, туристік жоспарлар, қала карталары, буклеттер, сувенир-


23
лер жəне туристік құрал – жабдықтар, т.б., ал туристік өнімнің 
спецификалық емес бөлігіне – тауардың көп бөлігі кіреді, мұндай 
тауарлар туристердің тұрғылықты тұратын жерінде өте қымбат 
немесе дефицит болады.
Туристік қызмет көрсету – өзінің туристік саяхаты кезеңінде 
жəне осы саяхатқа байланысты туристің қажеттерін қанағат-
тандыру үшін берілетін қажетті қызмет көрсетулер (орналас-
тыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқау-
шыларының, гидтердің қызмет көрсетулері жəне сапар мақсатына 
байланысты басқа да қызмет көрсетулері).
Туристік экскурсиялық қызметтер – азаматтардың уақытша 
болатын елдегі туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап 
көруін ұйымдастыру жөніндегі кəсіпкерлік қызмет, ол туристерді 
орналастыру жөніндегі қызметті көздемейді жəне жиырма төрт 
сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды. Сонымен қатар қосымша 
туристік экскурсиялық қызметке – ваучерлік немесе жолдамалық 
қызметтер ретінде қарастырылмаған, тұтынушының өзі тəуелсіз 
таңдау жасауына мүмкіндік береді.
Туристік ваучер – турдың құрамына кіретін қызметтерге 
туристің құқығын жəне олардың ақысы төленгенінің фактісін 
растайтын құжат.
Туристік өнімді ұсыну – туристік қызмет көрсетуге (жарна-
ма, арнаулы көрмелер мен жəрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді 
өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, 
каталогтар, буклеттер шығару жəне тарату) бағытталған шаралар 
кешені.
Қосымша қызметтер жолдаманың негізгі құнына кірмейді. 
Оларға жататындар: жалға алу, телефон, тұрмыстық қызмет 
көрсету, почта, валюта айырбастау, қосымша тамақтандыру, 
қоғамдық транспорттар, рент-кар, заттарды сақтау, ойын-сауық, 
орындарды броньдау, коммерциялық TV, видео, билеттерге
тапсырыс беру, мини-барларды қолдану жəне т.б. Осындай 
қызметтер туристердің қосымша ақы төлеген кезінде көрсетіледі.
Туризмде өнім 2 түрде берілуі мүмкін. Біріншіден бір пакет-
те туристерге сатылатын, қызмет көрсету топтамасы, кешендік 
қызмет. Туристік өнімді қабылдаушылардың ең алғашқылары 
тұтынушылар болып есептеледі.


24
Ол өндірушілердің қабылдауынан ерекшеленеді. Егер 
де жеткізушілерден олардың не өндіретіні туралы сұраса, 
тасымалдаушылар-транспорттық қызметтер, қонақүйлер – ор-
наластыру қызметтері, тақырыптық саябақтар – ойын-сауық 
қызметтері жəне т.б деп атайды. Олардың барлығы үшін өнім 
негізгі қызмет көрсету түрі болып табылады. Екінші жағдайда 
туристік өнім турпакеттің қызмет көрсетудегі қосымша бөлігі бо-
лып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет