Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


«ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ» БОЙЫНША СӨЗДІК



Pdf көрінісі
бет137/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153
suraganova turizm inf

270
«ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ» БОЙЫНША СӨЗДІК 
Акватель – көлiк құралы сенiмдi қонақүй ретiнде қолданылатын 
стационарлық кеме.
А ля карт (a la carte) – бұл əрбiр тағам өзiнiң бағасымен көрсетiлген 
мəзір түрi. Мұндай мəзір түрiн француздық сервиске маманданған қымбат 
мейрамханалардан кездестiруге болады. Бұл жоғарғы дəрежедегi мейрам-
ханаларда болады. Себебi, мұндай мейрамханаларда жəне қонақүйлерде 
қым бат жəне лайықты жағдайлар жасалынған.
Алдын ала төлеу – сатушымен белгіленген келісім бойынша сатып 
алушының сұраған туристік қызметтерді оларды тұтынғанға дейін төлеу.
Аннуляция – турист немесе туроператор/турагенттің келісім бойынша 
шарттарды орындауынан жазбаша ауытқуы.
А парт (а part) – тұтынушыларға менюден тағам мен сусын таңдау 
кезiн 
де дайындау уақытын ескертетiн мəзір түрi. Бұл меню курортты 
қонақүйлерiндегi, демалыс үйлерiндегi, пансионаттардағы мейрамханалар-
да жиi кездеседi.
Апарт-отель - қонақтардың санына қарамастан төленетiн пəтерлерден 
тұратын қонақүй.
Асхана – курорттық қонақүйлерде жəне халықтың əр түрлi деңгейiндегi 
тамақтандыруды ұйымдастыруға, жүзеге асыруға, дайындауға бағдарланған 
тамақтандыру кəсiпорны.
Бағыттайтын жақ – турист пен қарсы алатын жақтың арасындағы 
келісім негізінде іске асатын, туристерді олардың уақытша тұру жеріне 
бағыттайтын ұйым немесе жеке кəсіпкер.
Бизнес-отель – бизнесмендерге қызмет ету үшiн маманданған қонақүй. 
Биосфералық қорықтар – мəдени мұраны сақтау, экологиялық жəне 
ландшафтық, ғылыми-зерттеу жүргізу, сол немесе басқа табиғи зонаға 
тəн биосфера генофондын дамыту, сақтау мақсатында жасалған, арнайы 
қорғалатын территориялар.
Блок-чартер – жол жүрушілерді тасымалдау үшін коммерциялық шарт. 
Бұл шарт бойынша əуе тасымалдаушы саяхатты ұйымдастырушысына 
тұрақты болатын рейске тұрақты тарифтен төменірек бағасы бойынша
бірақ сатылған орындарды ескермей орындарды ұсыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет