Маусым емес – туристік саяхаттың төмендеу кезеңі. Кезең еместің
күнтізбек шекаралары елдің табиғи-климаттық шарттармен анықталады.
Спелеотуризм - үңгiрлердi аралау, зерттеу, танумен байланысты сая-
хат;
Статикалық мəзір- уақытынан бұрын белгiлi бiр уақыт аралығына
жасалынған мəзір, оның жалғыз мүмкiндiгi себебiне байланысты,
мейрамханадағы тағамды дайындау сапасы мен бағаларына қатаң
бақылауына негiзделген.
Табльдот (table d` hote) – бiр бағамен ұсынылатын кешендi меню.
Бағасына жеңiл астан бастап десертке дейiнгi бағалар қосылады.
Таверна – мейрамхана түрi, оның негiзгi атқаратын қызметi - тағам-
дарды ұсыну. Олар категорияларға бөлiнедi. Категорияларына байланыс-
ты тағамдар мен сусындар ассортиментi интерьер сəйкестiгiмен бөлiнедi.
Жұмыс iстеу уақыты бiрнеше сағаттан бiр тəулiкке дейiн.
Тақырыптық саябақ - бiр тақырыпқа сəйкестендiрiлiп
ұйымдастырылған саябақ. Мысалы,World Disney анимацияларына арналған
Disneyland.
Тасымалдаушы – туристердің тасымалдауын əртүрлі көлікпен іске
асыратын ұйым немесе жеке кəсіпкер.
Тасымалдаудың ұзақтығы – саяхатқа жұмсалған уақыт.
Топтық билет – белгілі бір маршрут бойынша бірге жүретін туристік
тобының барлық мүшелеріне берілетін билет. Топтық билет жол жүру
құжаттарын толтыру процесін жеңілдету үшін қолданылады. Осындай би-
лет топтық тариф бойынша топтық жетекшісінің атына мүшелердің санын
атап көрсетуімен жазылады. Бұл билет саяхат жасаушылардың топпен
бөлініп, саяхатты жалғыз жалғастыруына құқық бермейді.
275 Транспорттық қызмет – негiзгi жəне қосымша болып бөлiнедi.
Негiзгi - туристердi тұрғылықты мекен жайдан туристiк мекенге жəне
керiсiнше, қосымша - трансфер, экскурсияны көлiкпен қамтамасыз ету.
Трансфер – туристi көлiк терминалынан қонақүйге, қонақүйден көлiк
терминалына жеткiзу қызметi.