274
Растау кітабы – қызмет көрсету үшін төлемдерін растайтын туристік
топпен бірге жүрген гид аудармашыларға берілетін құжат. Туристерге
қызмет көрсетуін растайды. Бұл кітапты қызмет көрсетудің түрі,
туристер-
дің саны, төленген қызметтердің тізімі көрсетіледі.
Рекреация – еңбек ету процесiнде жұмсалған күш пен денсаулықты
қалпына келтiру.
Рекреациялық туризм - демалу жəне емдiк үшiн болатын саяхат.
Ротель – бiр немесе екi орындық нөмерден тұратын вагон (қозғамалы
қонақүй). Онда асханасы, əжетханасы жəне киiнетiн бөлмесi болады.
Сақтандыру полисі – сақтандыру компанияның
саяхатшыға олардың
арасындағы сақтандыру туралы келісімді растайтын құжат. Бұл құжатта
сақтандыру жағдайында саяхатшыға төленетін белгіленген ақша сомасы.
Саяжай (дача) – жеке адамдардың меншiгiндегi демалу үшiн қолда-
нылатын екiншi рекреациялық тұрақ.
Саяхат маршруты – туристің саяхат кезінде
ретпен баратын барлық
пункттер мен орындардың тізімі, жүретін жолы.
Достарыңызбен бөлісу: