33
ол туристерге толық кешенді қызмет көрсетуге қажетті жағдай
жасайды.
МТБ-ның құрамына кіретіндер: туристік фирмалар (туропера-
торлар жəне турфирма), қонақүйлер, туристік базалар,
тамақтану
жəне сауда мекемелері, автотранспорт мекемелері, туристік
құрал-жабдықтарды жəне инвентарьды жалға беретін орындар,
туристік жолдаманы сататын бюролар, туристік клубтар, стан-
циялар жəне т.б.
Туризм материалдық-техникалық
базасы экономикалық көз-
қарас тұрғысынан мекемелер мен кəсіпорындардың жиынты ғын
құрайды, олар келесідей бөлінеді:
бірінші ретте - қонақүйлер, турбазалар, пансионаттар жəне
туристерді орналасырудың басқа да құралдары, ішкі маршрут
транспорттары, арнайы байланыс бөлімдері, валюта айырбастау
орындары жəне т.б., тек қана
туристерге қызмет көрсетушілер;
екінші ретте - қалалық жəне халықаралық транспорттар,
сауда-саттық кəсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, мəдени,
коммуналды-тұрмыстық жəне басқа да тұрғылықты халыққа
жəне туристерге қызмет көрсетушілер.
Туризм МТБ-ның негізгі құраушылары: орналастыру құрал-
дары жəне транспорт құралдары. Транспорт туристік өнімнің
ажырамас бөлігі жəне МТБ-ның маңызды құраушысы болып та-
былады.
Транспорт –
адамдардың, жүктердің, сигналдар мен ақпарат-
тардың бір орыннан екіншіге орын ауыстыруына арналған құрал-
дар жиыны.
Транспорт термині латынның транс («арқылы»), portare («алып
жүру») деген мағынасын білдіреді. Транспорт инфрақұрылымы
қолданыстағы транспорт жүйесі жəне байланыс жолдарын (жол-
дар, темір жолдары, əуе коридорлары, арықтар, көпірлер, тун-
нельдер, су жолдары жəне т.б.) құрамына енгізеді.
Сонымен
қатар, транспорт түйіндері жəне терминалдар, онда жүктерді
жəне адамдарды бір транспорт түрінен екіншісіне ауыстырылуы
жүреді (мысалы, əуепорттары, теміржол аялдамалары жəне порт-
тар). Транспорт құралдарына негізінен автомобиль, велосипед,
автобус, поезд, тікұшақ жатады. Категорияларына байланысты
транспорт келесідей бөлінеді: құрғақ жер, су, ауа.
3–1037
34
Теміржол, су, көлік жəне автобус
компаниялары туристік
биз
нес
ке белсенді түрде енуде. Транспорт компаниялары сол
елге келуші туристерге автомобильді жəне теміржолдарды,
ұшақтарды, тікұшақтарды, т.б. жалға беру қызметін ұсыну ар-
қылы туризм саласына қатысуда. Транспорт түрлеріне қысқаша
сипаттама берейік.
Достарыңызбен бөлісу: