35
- теңіздік;
-
каботажды;
- ішкі су транспорты.
Қазіргі кезде су тасымалы нарығында круиздік сектор жоғары
деңгейде дамыған, ол демалушы туристердің сұранысына ие.
3. Əуе транспорты
Əуе транспорты – өте жылдам,
сонымен қатар өте қымбат
транспорт түрі. Əуе транспортын пайдаланушы негізгі сала мың
километрден асатын қашықтықтағы жолаушылар тасымалы.
Жылдамдық, ыңғайлылық жəне салыстырмалы қауіпсіздігі əуе
саяхатын туристік саяхат кезіндегі алдыңғы қатарға шықты.
Транспорт компаниялары мен ұйымдары – қазіргі заманғы
халықаралық туристік нарықтың алға жылжытушы күші ретінде.
Су транспорты компаниялары круиздар жəне экскурсиялар
ұйымдастырады, темір жолдар туристік
саяхатты жеңілдетілген
тариф бойынша жасайды, автобус компаниялары өздігінен авто-
бус экскурсиялары мен саяхаттарды ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: