36
- казино қарамағындағы отель.
Көрсетілетін қызметінің жиынтығы бойынша:
- бюджетті;
- экономикалық;
- бірінші класты;
- апартаменттер;
- фешенебельді.
Ең кең тараған классификация:
- жұлдыздар жүйесі,
Францияда, Австрияда, Ресейде,
Қазақстанда жəне басқа да халықаралық туристік алмасуға
қатысатын елдерде қолданылады;
- əріптер жүйесі, Грецияда қолданылады;
- Ұлыбритания
мен Испанияда қолданылатын, «тəж» немесе
«кілт» жүйесі;
- разрядтар жүйесі жəне т.б.
Əр туристік маршрут бірінші кезекте орналастыру құрал-
дарымен байланысты, сондықтан туризм материалды-техникалық
базасының бірден-бір негізін қонақүй шаруашылығы құрады де-
сек болады.
2. Туристік инфрақұрылым құрамы. Туристік
инфрақұрылымның функционалды белгісі бойынша
құрылымы
Туристік инфрақұрылым туризмді ұйымдастырудың негізі,
туристік іс-əрекетті ұйымдастырудың базасы болып табылады.
Туристік инфрақұрылым түсінігіне құрылыстар, ғимараттар,
жүйелер,
байланыс, туристік өнімді өндіруге тікелей қатыспай-
тын, бірақ туризм қызметі үшін қажетті (қоғамдық транспорттар,
сауда-саттық мекемелері, байланыс,
тамақтандыру, медицина лық
мекемелер, электр қамсыздандыру жүйесі, почта, телефон жəне т.б.)
Туризм инфрақұрылымын құрушы элементтері:
- транспорт коммуникациялары;
- ақпарат коммуникациялары;
- аббаттандыру;
- əлеуметтік-мəдени инфрақұрылым.