Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Астана жəне Алматы қалаларындағы туристік



Pdf көрінісі
бет21/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153
suraganova turizm inf

Астана жəне Алматы қалаларындағы туристік 
инфрақұрылымы
15-сурет. Туристік инфрақұрылымның дамуындағы қосалқы сала
Жоғарыда айтылып кеткендей туризм материалдық-техни-
калық базасы бірінші жəне екінші ретті болып бөлінеді. Со-
нымен қатар, бірінші жəне екінші ретті туристік мекемелердің 
қызметін қамтамасыз ететін, өндірістік жөндеу жұмыстары, 
квалификацияланған қызмет көрсетуші персонал дайындайтын 
оқу орындары, экскурсия жүргізушілер, гидтер, аудармашылар
жобалау-құрылымдылық жəне т.с.с мекемелер мен кеңселер бар. 
Олар туризм инфрақұрылымының дамуындағы қосалқы саласы 
болып табылады.


40
Еліміздің туризм инфрақұрылымы дамуы үшін тұрақты 
ағылып келетін туристер мемлекеттік спецефика есебінен ұлттық 
өнімдер қажет етеді:
- қоғамдық қолданатын жəне туристік қажеттілікті қамтамасыз 
ететін транспортты-жол инфрақұрылымының дамуы;
- қосалқы инфрақұрылымының дамуы: сумен, қуат көзімен 
қамтамасыз етуші канал жүргізу жəне қатты қалдықтарды жоя-
тын жүйе қазіргі жəне əлеуеті туристік аймақтық телекоммуни-
кация;
- туристік кешенді құру, этнографиялық мұражай жəне дема-
лу аймағы;
- тарихи-мəдени жəне этнографиялық ескерткіштерді рестов-
рациялау;
- жобаларды жасау жəне туристік объектілерді салу соның 
ішінде орта жəне кіші орналастыру құралдары олардың күні-түні 
қызмет етуін қамтамасыз ету.
Астана қаласы бойынша туристік қызметтің дамуы
Астана қаласының əлеуметтік-экономикалық өмірінде 
соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласында болған 
туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барын-
ша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Біздің 
еліміздің қазіргі келбеті жəне инфрақұрылымы бар, жас аста-
насы ретіндегі қалаға өсіп келе жатқан қызығушылық туризм 
саласының көптеген көрсеткіштерімен расталады. 
Астана қаласында 2008 жылдың 1 қаңтарына қала қонақтары 
мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 61 туристік фирма жəне 96 
қонақүйі жұмыс істеді. 2007 жылы қаланың туристік фирмалары-
мен жəне қонақүйлерімен 455,1 мың туристке қызмет көрсетілді, 
оның ішінде келу туризмі 92,4 мың адам, шығу – 26,4 мың адам 
құрады. Ең үлкен үлес салмақ ішкі туризмге тиесілі – 336,5 мың 
адам (73,9%). Қызмет көрсетілген туристер саны 2006 жылмен 
салыстырғанда 33,7% немесе 114,8 мың адамға көбейді. 2006 
жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен, бұл өсім негізінен келу 
туризмі есебінен болды. 
Барлық туристік фирмалармен жəне жеке кəсіпкерлермен 66,2 
мың адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде туристік фирмалар-
мен – 63,1 мың адамға, туристік қызметпен айналысатын жеке 


41
кəсіпкерлермен – 3,1 мың адамға қызмет көрсетілді, осыған бай-
ланысты 15,4 мың жолдама сатылған. Туристік фирмалар арқылы 
сатылған жолдамалардың жалпы құны 1252,3 млн. теңге құрады. 
Туристік фирмалармен жəне туристік қызметпен айналыса-
тын жеке кəсіпкерлермен, сондай-ақ қонақүйлермен ұсынылған 
жұмыстар, қызметтер көлемі 2007 жылы 9188,3 млн. теңге 
құрады. Туристік фирмалармен жəне туристік қызметпен айна-
лысатын жеке кəсіпкерлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер 
көлемі 1823,3 млн. тенге, оның ішінде турдың бағасына кірмейтін 
визалық жəне экскурсиялық қызмет көрсету көлемі 185,5 млн. 
теңге, орындарды сақтап қою бойынша қызмет көрсету көлемі 
1636,0 млн. теңге, басқалары – 1,8 млн. теңгені құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет