Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет149/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТУРАЛЫ 
 
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 10 
желтоқсан N493-1 
Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек 
бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде 
туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. 
1 Т А Р А У  
 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
1 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
еңбек – адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани 
жəне басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі; 
еңбек қатынастары – тараптардың əдетте жеке еңбек жəне 
ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге 
асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер 
арасындағы қатынастар; 
жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс 
берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтар, əкімдер, 
нұсқаулықтар, ішкі еңбек тəртібінің ережелері); 
жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасында 
жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша 
қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір 
мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты 
орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын 
жəне заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де 
ақшалай төлемдерді уақытында жəне толық көлемінде төлеуге
еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек 
жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді; 


зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс 
факторларының əсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті 
төмендеуіне 
немесе 
ауыруына, 
не 
оның 
ұрпақтарының 
денсаулығына теріс ықпал етуіне əкеп соғатын еңбек жағдайлары; 
қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс 
факторларының əсер етуі еңбек қорғау ережелері сақталмаған 
жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына 
немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына əкеп соғатын 
еңбек жағдайлары; 
ауыр дене жұмыстары - қызметкердің ауыр заттарды қолмен 
көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызметтерінің 
түрлері не 300 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да 
жұмыстар; 
демалыс уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан 
бос жəне оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты; 
жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына 
сəйкес төленетін сыйақы (табыс); 
біліктілік 
разряды - қызметкердің 
өзі 
орындайтын 
жұмыстарының күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі; 
ұжымдық шарт – бір немесе бірнеше жұмыс берушілер 
(олардың өкілдері) жəне бір немесе бірнеше кəсіптік одақтар, не 
кəсіптік одақтарға мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын 
құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде 
ресімделген құқықтық акт; 
іссапар – жұмыс берушінің əкімі бойынша қызметкерді тұрақты 
жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу; 
өтемақылар – жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты 
орындаған кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын 
толтыруға байланысты ақшалай төлемдер; 
ең төмен жалақы мөлшері – меншік нысанына қарамастан, 
ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай 
төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік 
берген ең төмен мөлшері; 
жазбаша ескерту (хабарлама) - қызметкердің немесе жұмыс 
берушінің қол қойылған жəне тіркелген өтініші не өзге де əдіспен 
(хабарлама арқылы тапсырысты хатпен, факспен, электронды 
поштамен, жеделхатпен) берілген өтініші, 


жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттарының 
негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының 
мүдделерін білдіруге уəкілетті жеке немесе заңды тұлғалар; 
қызметкерлердің өкілдері –кəсіптік одақтардың жəне олардың 
бірлестіктерінің құрылтай құжаттарына, сенімхатқа не жиналыста 
қабылданған шешімге сəйкес өкілдік етуге уəкілетті органдары, 
сондай-ақ қызметкерлер уəкілдік берген өзге де тұлғалар мен 
ұйымдар; 
қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын 
жəне жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын 
жеке тұлға; 
жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын 
заңды немесе жеке тұлға; 
жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке 
еңбек шартының талаптарына сəйкес еңбек міндеттерін 
орындайтын уақыт; 
еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің жеке еңбек 
шартымен байланысты міндеттемелері; 
еңбек өтілі - қызметкердің заңды тұлға құрмай кəсіпкерлік жəне 
өзге де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам 
ретінде еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған күнтізбемен 
есептелген уақыты; 
еңбек дауы – еңбек туралы заңдардың қолданылу мəселелері 
бойынша бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші 
(жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, 
ұжымдың шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен 
жұмыс берушінің арасындағы келіспеушілік; 
еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган – еңбек 
қатынастары саласында өз өкілеттігін Қазақстан Республикасының 
заңдарына сəйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 
еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен 
нормалау жағдайы, жұмыс режимі, мамандықтарды (қызметтерді) 
қоса атқару мүмкіндігі мен тəртібі, техникалық, санитарлық, 
гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ жеке 
еңбек жəне ұжымдық шарттар тараптарының келсімі бойынша өзге 
де жағдайлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет