8) еңбек дауларын тараптардың келісуімен немесе сот
тəртібімен шешуге;
9) жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан
өкілдік ететін лауазымды адамның өкілеттігін растауды талап
етуге;
10) ұжымдық шартпен жəне
жұмыс берушінің актілерімен
танысуға;
11) өзінің кəсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.
2. Қызметкер:
1) жеке еңбек, ұжымдық шарттарда жəне жұмыс берушінің
актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;
2) еңбек тəртібін сақтауға;
3) жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге
жол бермеуге;
4)
еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі жəне өндірістік санитария
жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;
5) жеке еңбек шартына сəйкес өзіне сеніп тапсырылған,
қызметтік, коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын мəліметтерді жария етпеуге;
6) адамдардың өмірі мен денсаулығына,
жұмыс беріші мен
қызметкер мүлкін сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны
туралы хабарлауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: