Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет146/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Заңсыз ереуілдер үшін жауапкершілік. Егер сот ереуілді заңсыз 
деп таныса, онда мұндай ереуілге қатысу еңбек тəртібін бұзу 
ретінде қарастырылады жəне заңда көзделген тəртіптік жаза 
шараларын қолдануға алып келуі мүмкін. 
Басқа тұлағаларды ереуілге қатысуға зорлық немесе қорқыту арқылы 
мəжбүрлеген тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 
Жұмыс берушіге, өзге де ұйымдарға немесе азаматтарға 
келтірілген зиянды, сонымен қатар, ұйымының өзінің шығындарын 
өтеу сот тəртібімен жүзеге асырылады. 
Егер заңсыз деп танылған ереуіл кəсіподақтың бастамасымен 
жүргізілген болса, онда зиянды өтеу кəсіподақтың қаржысы 
есебінен сот белгілеген мөлшерде жүзеге асырылады. 
Ереуілге шығу құқығын шектеу жағдайлары. Заңдарда ереуілге 
шығу құқығын шектейтін жағдайлар көзделген. ҚР «Ұжымдық 
даулар жəне ереуілдер туралы» заңының 16-бабына сəйкес, 
ереуілдерге мына жағдайларда рұқсат берілмейді: 


· егер қызметкерлердің өз жұмысын тоқтатуы адамдардың өмірі 
мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндірсе, табиғат 
апатының, апаттардың, эпидемия мен эпизодиялардың алдын алуға 
немесе олардың салдарын жоюға кедергі жасаса; 
· қызметтің тоқтатылуы ауыр жəне қауіпті салдарға алып 
келетін темір жол көлігі, азаматтық авиация, байланыс, үздіксіз 
жұмыс істейтін өндірістердегі ереуілдерге; 
· қорғаныс қабілеттігін, құқықтық тəртіпті жəне республика 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқаратын 
ұйымдарда; 
· заңдарда көзделген өзге де жағдайларда. 
Ереуілдің аяқталуы. 
Егер тараптар кез келген кезеңде өзара келісімге келсе, онда дау 
шешілген деп саналады. Мұндай жағдайда, ереуіл дауласушы 
тараптардың келісімге қол қоюымен аяқталады. 
Егер тараптар ұжымдық еңбек дауын шешу туралы келісімге 
келсе, онда ереуілді басқарушы органның басшысы немесе өзге де 
уəкілетті өкілі жəне жұмыс беруші немесе оның өкілі келісімге қол 
қоюлары қажет. 
Бұл келісімнің орындалуын бақылауды ұжымдық еңбек 
дауының тараптары немесе олардың өкілдері жүзеге асырады. 
Ереуілді заңсыз деп тану да оның аяқталуына əсер етеді. 
Мұндай жағдайда соттың шешімінің негізінде ереуілді басқарушы 
органның да өкілеттіктері тоқтатылады. 
Қызметкерлердің ереуілді жүргізумен байланысты құқықтық 
жағдайы жəне кепілдіктер. ҚР «Ұжымдық еңбек даулары жəне 
ереуілдер туралы» заңының 17-бабына сəйкес заңды ереуіл кезінде 
осы ереуілге қатысушы да, қатыспайтын да қызметкерлерге 
қатысты белгілі бір əлеуметтік қорғаныс белгіленген. 
Ең алдымен ескере кететін жайт, ереуілге қатысуға немесе 
қатыспауға мəжбүрлеуге болмайды. 
Сонымен қатар, заңды ереуілдерге қатысуды қызметкерлердің 
еңбек тəртібін бұзуы ретінде қарастыруға жəне бұл үшін тəртіптік 
əсер ету шараларын қолдануға болмайды. 
Заңды ереуіл кезінде қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы), 
əлеуметтік сақтандыру бойынша жəрдемақы алу құқығы, еңбек 
өтілі сақталады, сонымен қатар, еңбек қатынастарынан 
туындайтын өзге де құқықтары кепілденеді. 


Заңды ереуілге қатысушы қызметкерлердің жалақысы да 
сақталады. Ереуілге қатыспаған, бірақ ереуілдің өтуіне байланысты 
өзінің кəсіби міндеттерін орындай алмаған қызметкерлердің 
жалақысы да сақталады. Сонымен қатар, жұмыс беруші 
қызметкерлерді еңбек туралы заңдарда көзделген тəртіпте басқа 
жұмысқа ауыстыруға құқылы. Мұндай қызметкерлерді есепке алу 
жұмыс берушінің міндеті болып табылады. 
Ұжымдық еңбек дауын шешу барысында бекітілген ұжымдық 
шарттарда немесе келісімдерде ереуілге қатысқан қызметкерлер 
үшін белгілі бір өтемақылар көзделуі мүмкін. Мысалы, бұл 
актілерде ереуілге қатысқан қызметкерлер үшін өтемақы төлеудің 
жеңілдетілген тəртібі белгіленуі мүмкін. 
Еңбек ұжымы немесе кəсіптік одақ ерікті салымдардың жəне 
арнайы сақтандыру қорының есебінен ереуілдік қорларды құруға 
құқылы. 
Ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі туралы заңдарды 
бұзғаны үшін жауапкершілік. Арнайы заңдарда жұмыс берушінің 
ұжымдық еңбек даулар туралы заңдарды бұзғаны үшін 
жауаптылығы да қөзделген. Ұжымдық еңбек даулары туралы 
заңдарды бұзу ретінде мына əрекеттер танылады: 
· бітімгершілік процедураларына қатысудан бас тарту; 
· бітімгершілік процедурасының негізінде келген кесімді 
орындамау; 
· заңсыз ереуілдер. 
Бітімгершілік процедураларына, еңбек арбитражына қатысудан 
бас тартқан немесе бітімгершілік органдарының шешімдерін 
орындамағаны үшін кінəлі жұмыс беруші сот тəртібімен 
тағайындалатын айыппұл төлеуге міндетті. 
Егер 
жұмыс 
беруші 
бітімгершілік 
процедурасының 
нəтижесіндегі келісімнің міндеттемелерін орындамағаны үшін 
немесе соттың ұжымдық еңбек дауы бойынша шешімін 
орындамағаны үшін кінəлі болса, ол айыппұл төлеуге тартылады. 
Меншік иесі кəсіптік одақтың, қызметкерлердің өзге де өкілдік 
органының талабы бойынша ұжымдық еңбек дауының туындауына 
кінəлі басшыларға қатысты əсер ету шараларын қолдануға құқылы. 
Айыппұлды тағайындау туралы шешім ҚР Əкімшілік құқық 
бұзушылықтар 
туралы 
кодексінде 
белгіленген 
тəртіпте 
қабылданады. 
 


Тіркеме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет