6) соттың шешімі бойынша заңсыз деп танылған ереуілді
ұйымдастыруға жəне өткізуге қатысқан
ретте ұйымның жұмысын
тоқтатуға жəне қызметкерлерді жұмыстан шығаруға;
7) өз құқықтары мен мүдделерін білдіру жəне қорғау
мақсатында жұмыс берушілер бірлестіктерін құруға жəне оларға
кіруге;
8) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
9) егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса,
қызметкерді оқытып-үйретуге
байланысты өз шығындарының
орнын толтыруға құқығы бар.
2. Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерге еңбек туралы заңдарға, еңбек, ұжымдық
шарт-тарға сəйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;
2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға жəне ұжымдық
шарт жасасуға;
3) қызметкерлерді олардың еңбек
міндеттерін орындауына
қажетті құралдармен жəне материалдармен қамтамасыз етуге;
4) жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкерді ұжымдық
шарт-пен жəне жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;
5) жалақыны жəне Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінде,
жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс
берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы жəне
толық көлемінде төлеуге;
6) еңбек туралы заңдардың, жеке еңбек,
ұжымдық шарттардың
талаптарын сақтауға;
7) қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның
денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілігін
сақтандыруға;
8) қызметкерлердің еңбек қызметін жəне оларды зейнетақымен
қамсыздандыруға арналған ақшамның аударылуы туралы
мəліметтерді растайтын құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа өткізу;
9) Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда қызметкерге
келтірген зиянды өтеуге;
10) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен
денсаулығына қатер төндірсе, оны тоқтата тұру;
11) қызметкерге еңбек жағдайларының зиянды жəне қауіпті
екендігі мен кəсіптік аурудың мүмкін
екендігі туралы ескертуге
міндетті.