Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет150/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
 


2 бап. Еңбек туралы заңдар 
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен 
қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын 
реттейтін, нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола 
алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардан 
осы Заңның жəне еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық 
актілердің алдында артықшылығы бар жəне халықаралық шарт 
бойынша оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңы 
шығарылуы талап етілетін жағдайларды қоспағанда, олар тікелей 
қолданылады. 
 
3 бап. Осы Заңның қолдану аясы 
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек 
қатынастарын реттейді. 
2. Егер Конституцияда, заңдарда жəне Қазақстан Республикасы 
бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның 
күші Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын 
шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Қазақстан 
Республикасының 
аумағында 
орналасқан, 
құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан немесе 
ішінара) шетелдік заңдағы немесе тұлғалары болып табылатын 
ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек 
туралы заңдары қолданылады. 
4 бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу 
1. Əркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең 
мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, 
мүлік жəне қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге 
көзқарастарына, сеніміне, азаматтықта, қоғамдық бірлестіктерде 
болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның 
еңбегінің нəтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мəн-
жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге 
немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға 
тиіс емес. 
2. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін 
адамдар тиісті арызымен сотқа жүгіне алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет