Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет190/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

18 бап. Лайықты жұмыс
1. Тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кəсіби даярлығына
еңбек стажына жəне бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс 
тəжірибесіне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін 
қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа 
жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сəйкес келетін жұмыс лайықты 
жұмыс деп есептеледі. Көліктің қолайлылығын тиісті атқарушы орган 
айқындайды.
2. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кəсібі (мамандығы) 
жоқ сондай-ақ, екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған 
адамдар үшін — алдын-ала кəсіптік даярлықты талап ететін 
жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, 
азаматтардың жас жəне өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы 
заңдардың талаптары ескерілетін басқа ақы төленетін жұмысты 
(уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп 
есептеуге болады.


19 бап. Жұмыссыздарды кəсіби даярлау, олардың 
біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау
1. Жұмыссыздарда қажетті кəсіби біліктілігінің болмауына 
лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, уəкілетті орган 
оларды кəсіби даярлықтан өтуге, біліктілігін арттыруға жəне қайта 
даярлауға жібереді.
2. Жұмыссыздарды кəсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру 
жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен еңбек 
рыногының қажеттілігі ескеріле отырып, республикалық жəне 
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен уəкілетті органның 
жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында не білім беру 
қызметіне құқығы бар кəсіпорындарда жүргізіледі.
Кəсіби даярлықтан, біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан 
өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың 
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес мемлекеттік атаулы 
көмек алуға құқығы бар.
3. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар кəсіби даярлықтан, 
біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан басым тəртіппен өту 
құқығына ие болады.
4. Оқуды өз бетінде дəлелсіз себептермен тоқтатқан 
жұмыссыздар уəкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап 
бip жыл өткеннен кейін ғана оқуға қайтадан жіберуі мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет