Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Жұмыссызды есептен шығару



Pdf көрінісі
бет189/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

16 бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Уəкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас 
тартқанда;
2) уəкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс 
күні ішінде дəлелсіз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу 
немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі 
жұмыс күні ішінде дəлелсіз себептермен уəкілетті органға 
келмегенде;
4) жұмыссыз уəкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық 
жұмысқа қатысуды немесе оқуды дəлелсіз себептермен өз бетінше 
тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 6-тармағында 
көзделген уəкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дəлелсіз 
себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе осы Заңның 2-бабына сəйкес 
жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен 
сотталғанда не сот шешімі бойынша мəжбүрлеп емделуге 
жіберілгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес зейнетақы 
тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сəйкес 
есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап 
отыз күнтізбелік күн еткен соң ғана уəкілетті органда 
қайтадан тіркеле алады. 
17 бап. Тіркелген жұмыссыздардың міндеттері
1. Жұмыссыздар:


1) осы Заңды сақтауға;
2) уəкілетті органдарға келіп тұрудың тəртібін, шарттарын жəне 
мерзімдерін сақтауға;
3) уəкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен 
бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мəселесі бойынша 
жұмыс берушіге өтініш жасауға;
4) уəкілетті органға:
тұрғылықты жерін ауыстыруды;
тұрақты, уақытша маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық 
сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кəсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, 
ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
зейнетақы тағайындауды жəне өзге де табыстарды қоса алғанда, 
жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тəртібіне ыкпал ететін 
өзгерістер туралы мəліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күні ішінде) 
табыс етуге міндетті.
2. Жоғарыда аталған мəліметтерді жасырған немесе көрінеу 
жалған мəліметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен 
жағдайда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады жəне Қазақстан 
Республикасының заң актілеріне сəйкес жауапқа тартылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет