5) мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің жəне олардың
лауазымды
адамдарының
шешімдеріне,
əрекеттеріне
(əрекетсіздіктеріне) орталық атқарушы органға немесе сотқа
шағымдануға құқығы бар.
2. Азаматтар жұмысынан айырылу (жұмыссыздық) жағдайына
ерікті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
14 бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік əлеуметтік қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан əлеуметтік
қорғаудың мынадай
түрлерін көрсетеді:
1) жұмысқа орналасуға жəрдемдесу;
2) жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта
даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
3) қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне
ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне
сəйкес мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек көрсету.
15 бап. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу жəне есепке алу
1. Жұмыс тапқысы келетін жұмыссыз азаматтар уəкілетті
органға жəне жеке жұмыспен қамту агенттігіне жұмысқа
орналасуына жəрдемдесу туралы өтініш жасай алады.
2. Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған
жұмыссыз азаматтарды
тіркеу үшін мынадай құжаттар қажет: жеке куəлігі (паспорты),
əлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куəлік (ƏЖК), еңбек
қызметін куəландыратын құжаттар, салық
төлеушіні тіркеу нөміpi
(СТТН).
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса
шетелдіктің ықтиярхатын жəне азаматтығы
жоқ адам тұрғылықты
жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куəлігін табыс
етеді.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар табыс
етілген күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей, уəкілетті
орган мен жеке жұмыспен қамту
агентігі нысанын орталық
атқарушы орган бекітетін дербес есеп карточкасына (деректердің
компьютерлік базасы) мəліметтер енгізу арқылы азаматтарды
тіркейді.
5. Жұмыс іздестіріп жүрген жұмыссыз азаматтар тұрғылықты
жері бойынша уəкілетті органда тіркеледі.
6. Уəкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар —
күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уəкілетті органда, ал
селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бір
рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде
белгіленуге тиіс.
7. Уəкілетті орган жұмыс іздестіруге
өтініш жасаған азаматтар
мен жұмыссыздардың аймақтық деректер базасын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: