Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет198/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
БІТІСТІРУ РƏСІМДЕРІ
 
4 бап. Еңбек ұжымының талаптарын бітістіру pəcімдepі 
тəртібімен қарау
1. Бітістіру pəciмдерi тəртібімен еңбек ұжымының осы Заңның 2 
бабының 1 тармағында аталған талаптары қаралады.
Жұмыс бepyшi қабылдамаған немесе ол ішінара қанағаттандырған 
талаптар əуелі бітістіру комиссиясында, ал онда келісімге қол 
жеткізілмеген жағдайда — еңбек төрелігінде қаралады.
2. Еңбек туралы заң актілері мен басқа да нормативтік құқықтық 
актілерді қолдану (олардың орындалмауы немесе бұзылуы) 
жөніндегі ұжымдық еңбек даулары тараптардың бip өкілінің 
өтініші бойынша сотта қаралуға тиіс.
 
 


5 бап. Бітістіру комиссиясы
1. Жұмыс беруші өз шешімін еңбек ұжымының назарына 
жеткізген, не осы Заңның 3 бабының 1 тармағына сəйкес жұмыс 
беруші хабарламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзім 
ішінде бітістіру комиссиясы құрылады.
2. Бітістіру комиссиясы еңбек ұжымының талаптарын өзі
құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын 
мерзімде қарайды.
3. Бітістіру рəсімі процесінде комиссия еңбек ұжымымен, 
жұмыс берушімен, жергілікті атқарушы органмен, өзге де мүдделі 
ұйымдармен кеңеседі.
4. Комиссия шешімі келіссөздер негізінде тараптар арасындағы 
келісім бойынша қабылданады, тараптардың өкілдері қол қоятын 
хаттамамен рəсімделеді жəне оның тараптар үшін міндетті күші 
болады.
5. Осы баптың 2 тармағында белгіленген мерзімде бітістіру ко- 
миссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда бітістіру 
комиссиясының жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек 
төрелігі құрылады. 
6 бап. Еңбек төрелігі
1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар əлеуметтік-
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық немесе 
жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия мүшелерінің қатысуымен 
күнтізбелік бес күн ішінде құрады.
2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны жəне оның жеке құрамы 
ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптардың келісімімен 
анықталады, еңбек төрелігінің құрамында, оның төрағасын қоса 
алғанда, кемінде үш адам болуға тиіс.
3. Еңбек төрелігінің құрамына кəсіподақ органдарының, еңбек 
жөніндегі органдардың өкілдері, сарапшы-мамандар жəне басқа 
адамдар енгізіледі.
4. Еңбек төрелігінің төрағасы тараптардың келісімімен төрелік 
мүшелерінің қатарынан бекітіледі.
5. Ұжымдық еңбек дауын еңбек төpeлігі ұжымдық еңбек дауына 
қатысушы тараптар өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал 
қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалар 
өкілдерінің қатысуымен де қарайды.


6. Дауды қарау рəсімін еңбек төрелігі белгілеп, eкi тарапқа да 
хабарлайды.
7. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап 
күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің жай 
көпшілік даусымен қабылданады. Төрелік мүшелерінің дауыстары 
тең бөлінген жағдайда, төрелік төрағасының дауысы шешуші 
дауыс болып табылады. Шешім дəлелді болуы, жазбаша түрде 
баяндалуы керек, оған төреліктің барлық мүшелері қол қояды.
8. Егер тараптар келісімді жазбаша нысанда жасаса, еңбек 
төрелігінің шешімі міндетті түрде орындалуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет