1. Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға
жыл сайын квота белгілейді.
2. Орталық атқарушы орган
жұмыс берушілерге Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде шетелдік
жұмыс күшін тартуға руқсат береді.
3. Квота белгілеу тəртібін, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсат беру шарттары мен тəртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін
жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің
білім
деңгейі (кəсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тəжірибесі
(стажы) жұмыстар мен кəсіптердің
біліктілік анықтамалығына
жəне қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына
сəйкес жұмысшылардың кəсіптеріне жəне басшылардың, мамандар
мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік
талаптарына сай келуі тиіс.
5. Шетелдік жұмыс күшін тартуға жəне Қазақстан
Республикасынан шетелге жұмыс күшін
шығаруға байланысты
қызметке лицензия берудің шарты мен тəртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: