болса, оның басқа мүшелерінің де
құқықтары мен заңды
мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Тексерулерді жүзеге асыру барысында кəсіподақтардың
өкілдері өз мүшелерінің жұмыс орындарына кіруге жəне
əкімшіліктен тиісті хабарлама алуға құқылы.
Жұмыс беруші мен оның əкімшілігі тарапынан осы мақсатта
жүргізілетін тексерулерге қарсы əрекет жəне кедергі жасалуы заң
бойынша қудаланады.
14 бап. Жиналыстар, митингілер, көше шерулерін,
демонстрациялар, ереуілдер ұйымдастыру жəне өткізу
Кəсіптік одақ еңбек ұжымының тапсыруымен заңда белгіленген
тəртіп
бойынша жиналыстар, митингілер, көше шерулерін,
демонстрациялар, ереуілдер жəне басқа
акциялар ұйымдастырады
жəне өткізеді, олардың еңбек жағдайларын жақсарту,
жалақыны
арттыру, жұмыссыздықты азайту жолындағы күрес құралы,
еңбекшілерді өздерінің еңбек құқықтары мен əлеуметтік-
экономикалық мүдделерін қорғау жолындағы күресті топтастыру,
жұмыс берушілердің озбырлығынан қорғау, кəсіподақ мүшелерінің
қажеттеріне сай келетін əлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу
мақсатымен мемлекеттік органдарға
ықпал ету құралы ретінде
пайдаланады.
Кəсіподақтар бірлескен қарсылық акцияларын өткізу үшін
өздерінің күш-жігерін біріктіріп, басқа кəсіподақтармен жəне
еңбекшілер топтарымен ынтымақтастық белгісі ретінде осындай
акциялар өткізе алады.
15 бап. Баспа қызметін жүзеге асыру
Кəсіптік одақтар өздерінің баспа органдарын, баспалар ұстауға,
радио мен теледидарды қоспағанда, басқа да бұқаралық хабарлама
құралдарын меншіктенуге не өзгелердікін пайдалануға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: