кəсіподақ мүшесі жұмыс берушімен контракт (шарт, келісім)
жасасқан кезде оған құқықтық жəне консультациялық көмек
көрсету;
өз мүшелерінің құқықтарын жəне
заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғап, coтқa жүгіну;
ic қаралған кезде coтқa қатысу;
өз мүшелері атынан жұмыс берушімен кəсіподақ мүшелерін,
сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа
да мүшелерін қамтитын шарттар, келісімдер жасасу.
өз мүшелерінің еңбек ету жəне əлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кəсіптік одақтар
қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтін басқа да əдістерді
пайдалана алады.
Кəсіподақ өз мүшелерінің отбасыларына да көмек көрсетеді.
12 бап. Еңбек ұжымдарының құқықтары мен мүдделерін
қорғау
Кəсіподақ еңбек ұжымының тапсыруымен өз органы арқылы
жұмыс берушімен ұжымдық шарт
жасасу кезінде оның өкілі
болып, оның орындалуына бақылау жасай алады, coтқa еңбек
ұжымының жəне оның жекелеген мүшелерінің
құқықтары мен
мүдделерін қорғауға бағытталған талаптар қояды, еңбек
ұжымының құқықтарын жүзеге асыруға жəне
оларды қорғауға
байланысты басқа да ic- əрекетті жүзеге асырады.
Кəсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің таратылуы
немесе əкімшіліктің, меншік иесінің бастамасымен меншік жəне
пайдалану түрлерінің өзгертілуі, өндірістің
толық немесе ішінара
тоқтатылуы жұмыс орындарын қысқартуға, сондай-ақ еңбек
жағдайларын нашарлатуға əкеп
соқтыратын болса, олар тиісті
кəсіподақтарға кемінде eкi ай бұрын алдын-ала хабарлап, олармен
еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау жөнінде келіссөз
жүргізілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: