6 бап. Қазақстан Республикасының кəсіптік одақтарының
халықаралық байланыстары
Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес кəсіподақтар
басқа
елдердің
кəсіподақ
ұйымдарымен
ынтымақтасуға,
халықаралық кəсіподақ бірлестіктері мен ұйымдарына кіруге,
олармен, сондай-ақ шет елдердің кəсіптік одақтарымен шарттар
жəне келісімдер жасасуға құқылы.
7 бап. Азаматтардың кəсіптік одақтарға мүше болу белгісі
бойынша кемсітушілікке тыйым салуы
Кəсіподақтарға мүше болу азаматтардың заңдарда кепілдік
берілетін еңбек ету, əлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке
құқықтары мен бостандықтарына
қандай да бір шек қойылуына
əкеп соқтырмайды. Еңбекшілердің жұмысқа қабылдануын,
жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың
белгілі бір кəсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен
байланыстыруға тыйым салынады.
2 Т А Р А У
Достарыңызбен бөлісу: