аумағы нормативтік құқықтық актілердің əрекет ету күшінің
құқықтық кеңістігі болып табылады.
Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі
туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР
Парламенті жəне ҚР Үкіметі, орталық атқарушы жəне
өзге де
орталық уəкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқықтық
актілердің күші
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына
таралады.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші
туралы сөз
қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының
елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне жəне шетелдегі өзге
де аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн.
Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер-
аумақтық, теңіз жəне əуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды,
сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады.
Атап
өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы
саласындағы
халықаралық келісімдерде көзделсе,
Қазақстан
Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілерінің
күші өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да
таралады.
Жергілікті өкілдік жəне атқарушы
органдар қабылдаған
нормативтік құқықтық актілердің күші тиісті əкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағына ғана таралады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріндегі (шалғай
елді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке жəне т.б.)
еңбек
жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің
жекелеген
санаттарының
жалақысына
қатысты
аудандық
коэффиценттерді, əр түрлі
жеңілдіктерді, кепілдіктерді жəне т.б.
көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: