Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет20/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек 
құқығы 
қайнар 
көздерінің 
жүйесі 
келесі 
ерекшеліктерге ие: 


1) еңбек заңнамасы актілерін қабылдауға осы сала 
субъектілерінің өздері қатысады (қызметкерлер өз еңбек 
ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне өзге де өкілдік органдар арқылы; 
жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару кезінде жəне өз 
өкілдері арқылы); 
2) қайнар көздер жүйесіне еңбек құқығының біртұтастығын 
жəне əр түрлілігін көрсететін жалпы (барлық қызметкерлер үшін) 
жəне арнайы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін) еңбек 
заңнамасы енеді; 
3) еңбек құқығы қайнар көздерінің барлығы заңдарға жəне заңға 
сəйкес актілерге бөлінеді. Заңдар, өз кезегінде, негізгі 
(Конституция), өзге де конституциялық (Адам құқықтарының 
жалпы декларациясы) жəне ағымдағы (мысалы, «ҚР мереке күндері 
туралы» заң) деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының 
Конституциясы мен ҚР «Еңбек туралы» заңы Қазақстан 
Республикасының аумағында жоғарғы күшке ие. 
4) бұл жүйеде мамандандырылған органдардың (мысалы, ҚР 
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі) актілері мен 
еңбекті қорғауға, еңбек заңнамасына бақылау мен қадағалауды 
жүзеге 
асыратын 
мамандандырылған 
мемлекеттік 
инспекциялардың 
нормативтік 
бұйрықтары, 
ережелері, 
нұсқаулықтары бар; 
5) ҚР еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіне, сонымен қатар, 
Қазақстан Республикасы таныған еңбек мəселелері жөніндегі халықаралық-
құқықтық актілер жəне Қазақстан Республикасының өзге 
мемлекеттермен əлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша бекіткен 
халықаралық шарттары жатады. ҚР Конституциясында осы 
халықаралық нормалардың ұлттық заңнамадан үстемдігі атап 
көрсетілген. 
Еңбек құқығының барлық қайнар көздерін бағыңыстылығы 
бойынша заңдар мен заңға сəйкес актілер деп қана емес, олардың 
əрекет ету ауқымы бойынша (республикалық, облыстық, қалалық, 
салалық жарғылар, ережелер) жəне еңбек құқығының жүйесі, яғни, 
институттар бойынша да бөлуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет