Қазақстан
Республикасының
аумағында
орналасқан,
құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығымен
немесе
ішінара) шетелдік заңды жəне жеке тұлғалар болып табылатын
ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР еңбек заңнамасының нормалары
қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар ретінде
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын жəне
өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дəлелдері бар тұлғалар
танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын
жəне өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дəлелдері жоқ
тұлғалар
азаматтығы жоқ тұлғалар ретінде танылады.
Шетелдік
азаматтар
еңбек
қатынастарында
Қазақстан
Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтарды иеленіп,
міндеттерді орындайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осындай
лауазымға тағайындалу немесе еңбек қызметімен айналысу
Қазақстан
Республикасының
азаматтығына
тиесілігімен
байланысты болса, шетелдік азаматтар белгілі бір лауазымдарға
тағайындала алмайды немесе белгілі
бір еңбек қызметімен
айналаса алмайды (ҚР Президентінің 1995 жылғы 16 маусымдағы
«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азамтатардың құқықтық
жағдайы туралы» заң күші бар жарлығы).
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер
азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағындағы еңбек
қызметі осы мемлекеттер арасында екіжақты,
сонымен қатар,
көпжақты негізде бекітілген шарттарға жəне заңға сəйкес жүзеге
асырылады (ҚР 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғындардың
көшіп-қонуы туралы» заң).
Еңбек саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді
(бұлай бөлудің негізіне объективтік факторлар,
соның ішінде,
Қазақстанның əр түрлі аудандарындағы ауыр табиғи-климаттық
жағдайлар алынған):
1) экономика саласына жəне еңбек жағдайына қарамастан,
жалданбалы еңбек қызметкерлерінің барлығына таралатын жалпы
нормалар. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының күші тек
Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен
қатар, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге
асырушы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да
таралады;
2) қызметкерлердің жекелеген санаттарына (əйел
адамдарға,
кəмелетке толмағандарға, бюджет саласының қызметкерлеріне,
ауыр жəне зиянды өндіріс жұмысшыларына, уақытша жəне
маусымдық қызметкерлерге жəне т.б.) таралатын арнайы нормалар.
Осы заңда қызметкерлердің белгілі бір санаттары – еңбек құқық
қабілеттігі шектеулі тұлғалар, кəмелетке толмағандар, жасы кіші
балалары бар əйелдер үшін жеңілдіктер көзделген.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 4-тарауы «Қызметкерлердің
жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу» деп аталады.
Бұл заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін
еңбек жағдайы
саласында бірқатар жеңілдіктер көзделген, түнгі уақытта жұмыс
істеуге қатысты, қосымша жұмысқа жəне т.б. қатысты тыйым-
нормалар
бар.
Мұндай
қызметкерлер
санатының
еңбек
қатынастарын реттеу «ҚР еңбек туралы» заңмен де, сонымен қатар,
қызметкерлердің тиісті санаттарының еңбек жағдайын анықтайтын
өзге де заң шығарушы актілермен де жүзеге асырылады.
Еңбек қабілеттігі шектеулі тұлғалар үшін жекелеген жеңілдіктер
көзделген. ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қаз КСР-да
мүгедектердің
əлеуметтік
қорғалуы
туралы»
заңында
мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары
анықталған. Олар үшін жеке сауықтыру бағдарламасына
негізделген еңбек жағдайы жасалады.
Ұжымдық шартта
мүгедектер үшін еңбек жағдайы, соның ішінде, жалақы төлеу
мəселесі, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне өзге де
жағдайлар көзделіп өтуі тиіс. Бұл жағдайлар өзге қызметкерлермен
салыстырғанда мүгедектердің құқықтарын шектемеуі немесе
олардың жағдайын нашарлатпауы керек.
Жекелеген қызметкерлер санатының еңбек жағдайы тек ҚР «ҚР
еңбек туралы» заңмен ғана емес, сонымен қатар, өзге де
нормативтік құқықтық актілермен реттелуі мүмкін. Мысалы, ҚР
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңы барлық мемлекеттік
қызметшілерге таралады.
Мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларға төмендегідей
талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
2) жекелген лауазымдарға қатысты Қазақстан Республикасының
заңнамасында өзгеше көзделмесе, жасы 18-ден төмен болмауы
тиіс;
3) қажетті білімі, кəсіби дайындық деңгейі болуы жəне
белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс (ҚР
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13-бабы).
Қызметкерлерді санаттарға бөлудің негізгі мəні мынада: жалпы
ережелермен қатар олар үшін
жұмысқа кіру мен жұмыстан
босатуда; жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеуде; жалақы
төлеудегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға; тəртіптік жəне
материалдық жауапкершілік жəне өзге де мəселелерге қатысты
арнайы нормалар белгіленеді.
Бұл мысалы, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін –
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы (46-б. 1-т.); олардың
еңбегі түнгі уақытта пайдалануға қатысты тыйым-нормалар (48-б.
3-т.), мерзімнен тыс жұмыстар істеуге тыйым (49-б. 3-т.) жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: