Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет24/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1. Еңбек құқығының қайнар көздері дегеніміз не? Олардың 
түрлерін атаңыз. 
2. Еңбек құқығы қайнар көздерінің ерекшеліктері неден көрініс 
табады? 
3. Еңбек құқығының қайнар көздері бағыңыстылығы жəне 
оларды қабылдаған органдар бойынша қандай түрлерге бөлінеді? 
4. ҚР Конституциясына еңбек құқығының қайнар көзі ретінде 
сипаттама беріңіз. 
5. Еңбек мəселелері жөніндегі қандай маңызды қазақстандық 
заңдарды білесіз? 
6. Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші нені 
білдіреді? 
7. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші нені білдіреді? 
8. Нормативтік құқықтық актілердің қызметкерлер санаты 
бойынша күші туралы айтыңыз. 
 
 
 
 


4 Т А Р А У 
 
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
 
 
Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі жəне түрлері. Кез 
келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің 
субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық 
саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады. 
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде 
қолданыстағы 
заңнаманың 
негізінде 
қоғамдық 
еңбекті 
ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек 
заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының 
қатысушылары танылады. 
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде 
еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс 
беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке жəне заңды 
тұлғалар), еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік 
органдар қатысады. 
Алайда, бұл бір қарағандай оңай мəселе емес. Еңбек құқығының 
субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық 
субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге 
ие болуы тиіс. Бұл мəртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты 
нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет