Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру
12 бап. Республикалық комиссияның негізгі құқықтары Республикалық комиссия:
1) өз отырыстарында əлеуметтік жəне еңбек қатынастары
саласындағы келісілген саясатты жүргізу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын əзірлеу, атлған келісімді жүзеге асыру,
комиссияның шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың,
жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктеріне мүдделерін
үйлестіруге;
3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден жəне (немесе)
қызметкерлер өкілдерінен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын
реттеу үшін жасалатын жəне жасалған келісімдер туралы ақпарат
сұратып алуға;
4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал
жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған
жолсыздықтарды жою жəне келісім шарттарының орындалмауына
кінəлі адамдарды жауапқа ақпарат жіберуге;
5) атқарушы органдар ұжымдық келіссөздер жүргізуге жəне
келісім жобасын əзірлеуге, аталған келісімнің орындалуын
бақылауды ұйымдастыруға қажет Қазақстан Республикасындағы
əлеуметтік жағдай туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін сұратуға жəне алуға;
6) нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу жөнінде ұсыныс
енгізуге немесе Қазақстан Республикасының əлеуметтік жəне
еңбек қатынастары саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік
құқық актілерінің бастамшылық жобаларын уəкілетті органдардың
қарауына беруге;
7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын
құруға;
8) республикалық комиссияның отырысында орталық атқарушы
органдардың қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ
тəуелсіз сарапшыларды шақыруға;
9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің
бірлестіктері комиссия белгілеген мерзімде қаруға жəне орындауға
міндетті болатын бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға;
10) əлеуметтік жəне еңбек қатынастары мен əлеуметтік
əріптестік мəселелері бойынша халықаралық, республикалық,
аймақ аралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге
осы аталған шараларды ұйымдастырушылар мен келісілген тəртіпте
қатысуға құқылы.