Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Мемлекеттік қызметшілер құқықтарының оларды



Pdf көрінісі
бет242/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

29 бап. Мемлекеттік қызметшілер құқықтарының оларды 
тəртіптік жауапқа тарту кезіндегі кепілдігі
1. Мемлекеттік қызметші өзін тəртіптік жауапқа тартуға 
байланысты барлық материалдармен таныстырылуға міндетті.
2. Жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік 
органның немесе лауазымды адамның іс-əрекеті мен шешімдеріне 
уəкілетті орган белгілеген тəртіппен не сотқа шағым жасай алады. 
8 Т А Р А У 
 
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
30 бап. Осы Заңның күшіне енгізілу тəртібі 
Осы заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілді.
11. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК 
ƏРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ 
Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 
18 желтоқсан №129-ІІ 
 
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы əлеуметтік əріптестік 
(трипартизм) жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін
міндеттері мен тəртібін айқындайды, тараптардың тең құқылы 
жəне өзара жауапкершілік принциптері негізінде ортақ əлеуметтік 
маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу үшін Бас, салық жəне 
аймақтық келісімдерді жасасу, өзгерту жəне бұзу тəртібін 
белгілейді.
1 Т А Р А У
 
 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
 
1бап. Негізгі ұғымдар 
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) қызметкерлердің өкілдері – кəсіптік одақтардың, олардың 
бірлестіктерінің 
органдары, 
сондай-ақ 
заңдарда 


белгіленген тəртіппен құрылған қызметкерлер уəкілеттік 
берген өзге де адамдар мен ұйымдар: 
2) жұмыс берушілердің өкілдері – заңдарда белгіленген 
тəртіппен құрылған жұмыс берушілер органдары, сондай-ақ 
заңдарда белгіленген тəртіппен құрылған жұмыс берушілер 
органдары уəкілеттік берген адамдар; 
3) келісім (бас), салалық ( тарифтік), аймақтық-республикалық, 
салалық жəне аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек 
жағдайларын, жұмыспен қамтылуын жəне əлеуметтік кепілдіктерін 
белгілеу 
мазмұнын 
жəне 
тараптардың 
олар 
бойынша 
міндеттемелерін анықтайтын, əлеуметтік əріптестер арасында
жасалатын құқықтық акт; 
4) əлеуметтік əріптестік – атқарушы билік органдары 
өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің 
мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар 
мен тетіктер жүйесі; 
5) əлеуметтік əріптестік тараптары – атқарушы билік органдары 
өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері; 
6) əлеуметтік əріптестік комиссияларына қатысушы – 
əлеуметтік əріптестік тараптарының өкілетті өкілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет