Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Келісімдерді əзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізу



Pdf көрінісі
бет249/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

16 бап. Келісімдерді əзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізу 
құқығы
1. Тараптардың кез келген келісімнің əзірленуі, мазмұны, 
жасалуы, өзгертілуі, толықтырылуы жөніндегі келіссөздердің 
бастамашысы болуға құқылы. 
2. 
Республикалық, 
салалық, 
аймақтық 
деңгейлерде 
қызметкерлер мен жұмыс берушілер уəкілдік берген бірнеше 
өкілдер бар болған жағдайда олардың əрқайсысына өздері өкіл 
болып отырған қызметкерлер мен жұмыс берушілер атынан
келіссөздер жүргізуге құқық беріледі.
17 бап. Келісімдердің мазмұны 
1. Келісімдерде: 
қолданылу мерзімі туралы; 
орындалуына бақылау жасау тəртібі туралы; 
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тəртібі туралы; 
тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған 
жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер қамтылуға тиіс.
2. Бас келісімнің мазмұнын əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік 
жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін
республикалық үш жақты комиссия əлеуметтік əріптестіктің


барлық тараптары немесе олардың біреуі ұсынған Бас келісімнің 
жобаларын негізге ала отырып айқындайды.
3. Салалық жəне аймақтық келісімнің мазмұнын əлеуметтік 
əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу 
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін салалық жəне аймақтық 
комиссиялар əлеуметтік əріптестіктің барлық тараптары немесе 
олардың біреуі ұсынған келісімдердің жобалары негізінде 
айқындайды.
4. Келісімдерде: 
1) еңбекке ақы төлеу жағдайлары жəне еңбекті қорғау, еңбек 
жəне демалыс режимі туралы;
2) келісіммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейін, 
күнкөрістің ең төменгі деңгейі мен көрсеткіштердің орындалуын 
негізге ала отырып, еңбекке ақы төлеуді реттеу тетігі туралы; 
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы; 
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кəсіби əзірлеуге жəне 
қайта əзірлеуге жəрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу жəне демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау 
жолымен өндірістегі қызметкерлердің денсаулығын қорғауды 
ұйымдастыру жəне тиісті қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы; 
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік 
қорғау жөніндегі арнаулы шаралар туралы; 
8) өндіріс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерді 
қорғау шаралары туралы; 
9) жанжалдар мен еруілдерді болғызбау, еңбек тəртібін нығайту 
туралы; 
10) əлеуметтік-еңбек мəселелері жөнінде заңдарға қайшы 
келмейтін басқа да ережелер; 
11) əлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жəрдемдесу туралы 
ережелер көзделуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет