13 бап Салалық жəне аймақтық комиссиялардың негізгі
құқықтары
Салалық жəне аймақтық комиссиялар:
1) өз отырыстарында əлеуметтік жəне еңбек қатынастары
саласында келісілген саясатты жүргізу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын əзірлеу аталған келісімді жүзеге асыру,
комиссияның шешімдерін орындау кезінде атқарушы билік
органдарының,
жұмыс
берушілер
мен
қызметкерлер
бірлестіктерінің мүдделерін келістіруге;
3) атқарушы билік органдарынан, жұмыс берушілерден жəне
(немесе) қызметкерлер өкілдерінен əлеуметтік жəне еңбек
қатынастарын реттеу үшін жасалатын келісімдер туралы ақпарат
сұратып алуға;
4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал
жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған
жолсыздықтарды жою жəне келісім шарттарының орындалмауына
кінəлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасап,
əріптестіктің тиісті тарабын ақпарат жіберуге;
5) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын
құруға;
6) салалық жəне аймақтық комиссиялардың отырыстарына
тиісінше орталық жəне жергілікті атқарушы билік органдарының,
қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ тəуелсіз
сарапшылар шақыруға;
7) атқарушы билік органдары жұмыс берушілер мен
қызметкерлер
өкілдері
салалық
жəне
аймақтық
комиссиялар белгілеген мерзімде қарауға жəне орындауға
міндетті болатын бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға;
8) əлеуметтік жəне еңбек қатынастары мен əлеуметтік əріптестік
мəселелері бойынша халықаралық, республикалық, аймақтық
кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге осы
аталған шараларды ұйымдастырушылармен келісілген тəртіпте
қатысуға құқылы.
4 Т А Р А У
Достарыңызбен бөлісу: |