Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет251/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

12. 
Еңбек 
міндеттерін 
орындауға 
байланысты 
жарақаттардан, кəсіби аурулардан не денсаулықты басқадай 
зақымдаудан келген зиянның орнын толтыруға құқықты 
өзара мойындау туралы. КЕЛІСІМ. (ТМД елдерінің үкіметтері 
1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойған)
Өздерінің Үкіметтері арқылы Келісімге қатысушы мемлекеттері 
ары қарай Тараптар деп аталып, өздерінің еңбек міндеттерін орындаумен 
байланысты жарақат алған, кəсіби ауруға шалдыққан не 
денсаулығына басқадай зақым алған адамдар əлеуметтік 
қорғаудың ерекше маңыздылығын ұғынып, өз мемлекеттерінің 
азаматтарын əлеуметтік қорғау саласындағы мəселелерді реттеудің 
қажеттілігін ескеріп, мынаған келісті: 
1 бап.
Бұл Келісім Тараптардың ( оның ішінде бұрынғы КСР 
Одағының да) кəсіпорындарына мекемелеріне жəне ұйымдарына ( 
ары қарай – кəсіпорындар), олардың меншік формаларына 
қарамастан, тарайды. Өздерінің еңбек міндеттерін орындаумен 
байланысты жарақаттан, кəсіби аурудан не денсаулықтың басқадай 
зақымдауынан қызметкерлерге келген зиянын орнын толтыру 
жөніндегі төлемдер сол Тараптардың біреуінің азаматы болып 
табылатын, солардың біреуінің аумағында тұрақты мекен-жайы 
бар, бұрын кəсіпорындарда жұмыс істеген қызметкерлерге, ал олар 
қайтыс болған жағдайда – зиянды төлетіп алуға құқығы бар адамға 
төленеді. 
Чернобль АЭС-тағы апат жəне басқа радиациялық апаттар 
салдарынан қызметкерлерге келген зиянды төлеу қабылданған 
ұлттық заңнамалар мен арнайы келісімдерге сəйкес жүзеге 
асырылады.
2 бап.
Қызметкерге еңбек жарақаты, денсаулығының басқадай 
зақымдануы (оған қызметкер өз еңбек міндетін орындау кезінде 
өндірісте болған жазатайым оқиға нəтижесінде алған жарақаттан, 
ол басқа тараптардың аумағына көшкеннен кейін еңбек қабілетін
жоғалтуы да жатады), қайтыс болу салдарынан келген зиянды 


заңнамасы қызметкер жарақат, денсаулығына басқадай зақым 
алған, өлген кезде оған таралатын тараптың жұмыс берушісі 
төлейді.
Зияны келгені үшін жаупты жұмыс беруші өзінің ұлттық 
заңнамасына сəйкес зиянының орнын толтырады. 
3 бап. 
Кəсіби ауруға шалдықтырған еңбек қызметі кезінде заңнамасы 
қызметкерге таралатын Тараптың жұмыс берушісі, ол ауру басқа 
Тараптың аумағында алғаш анықталған жағдай да, зиянды төлейді.
Егер кəсіби ауруға шалдыққан қызметкер сондай ауру шақыруы 
мүмкін жағдайда немесе қызмет саласында бірнеше Тараптың 
аумағында жұмыс істесе, ондай жұмысты соңғы рет қай Тараптың 
аумағында жасаса, соның жұмыс берушісі зиянның орнын 
толтырады.
4 бап.
Еңбек жарақаты мен кəсіби аурудың ауырлық дəрежесін қайта
қарау қызметкер аумағында тұратын Тараптың Заңнамасына 
сəйкес жүзеге асырылады.
5 бап.
Осы Келісімді Тараптардың біреуінің аумағында жүзеге асыру 
мақсатында, белгіленген формада берілген құжаттарды немесе 
олардың куəлендірілген көшірмелерін басқа Тараптар ресімделусіз 
қабылдайды.
Кəсіби еңбек жоғалту пайызы жəне көмектің қосымша 
түрлерінің қажеттігі туралы кезкелген Тараптың медициналық 
сараптама комиссиясының тиісті шешімі денсаулығына зақым 
келген қызметкердің қай жерде тұратындығына қарамастан осы
Келісімге қол қойған Тараптардың аумағында заңдық күш алады. 
6 бап.
Тараптар өз аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын 
қызметкерлерге зиянды өтеуге байланысты ақша қаражатының 
қызметкерлерге (ол өлген жағдайда – зиянды төлетіп алуға құқығы 
бар адамдарға) өз банкілері жəне (немесе) почта байланыс 
мекемесі арқылы басымдылық тəртіпте еркін аударылуын жəне 
төленуін қамтамасыз етеді.
Зиянды төлеу жөніндегі ақша қаражатын аудару саудалық емес 
əлеуметтік маңызы бар төлемдер бойынша азаматтарға ақша


қаражатын аудару туралы үкіметаралық Келісіммен белгіленген 
тəртіпте жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылады.
7 бап.
Қызметкерлер алған зиян үшін жауапты кəсіпорын таратылған
жəне оның құқық мұрагері болмаған жағдайда, аумағында 
кəсіпорын таратылған Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сəйкес сол 
қызметкерлерге зиянның орнын толтыруға кепілдік береді.
8 бап.
Осы Келісімде көзделген істер бойынша аумағында зиянды
төлеу туралы талап қоюға негіз болатындай əрекет орын алған 
Тараптың соты, немесе аумағында зиянды өндіруге құқығы бар 
адам тұратын Тараптың соты құзырлы, олардың біреуін
жəбірлеушінің өзі қалайды.
9 бап.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қажетті 
толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін, олар тиісті 
хаттамалармен ресімделеді жəне осы Келісімнің ажырамас бөлігі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет