Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдерді əзірлеу мен жасасу



Pdf көрінісі
бет250/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

18 бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдерді əзірлеу мен жасасу 
тəртібі
1. Келіссөздердің басталуы туралы екінші тараптан жазбаша 
ұсыныс алған тараптар күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға 
жəне келіссөздерге кірісуге міндетті. 


2. Келіссөздер жүргізу тəртібін, келісімдерді əзірлеу мен жасасу 
мерзімдерін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар 
енгізуді, оларға қосылуды комиссиялар бекітеді.
3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған сəттен не келісімдерде
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Келісімге жасалған 
барлық қосымшалар оның ажырағысыз бөлігі болып табылады 
жəне олармен бірдей заңдық күші болады.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша 
не жаңа келісім қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ ол үш 
жылдан аспауға тиіс.
5. Қызметкерлерге бір мезгілде бірнеше келісімнің күші 
қолданылытын жағдайда қызметкерлер үшін келісімнің ең қолайлы 
шарттары қолданылады.
6. Бас, салалық, аймақтық келісімдер əлеуметтік əріптестік
тараптары өкілдерінің қол қоюымен бекітіледі. 
7. Тараптар қол қойған салалық, аймақтық келісімдер 
қосымшаларымен бірге жеті күн мерзімде хабарламалық тіркеу 
үшін республикалық комиссияға жіберіледі. 
19 бап. Келісімдердің орындалуына бақылау жасау
Келісімдердің орындалуына бақылау жасауды əлеуметтік 
əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу 
жөніндегі тиісті комиссиялар жүзеге асырады.
20 бап. Комиссиялардың үйлестірушілері 
Республикалық, салалық жəне аймақтық комиссиялардың 
үйлестірушілері тараптардың бірлескен шешіммен тағайындалады.
Комиссия үйлестірушісі:
тараптардың қызметіне араласпайды; 
комиссияның жұмысына қатысу үшін комиссия мүшесі болып 
табылмайтын, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің 
өкілдерін, атқарушы билік органдары өкілдерін, сондай-ақ 
ғалымдар мен мамандарды, басқа ұйымдардың өкілдерін
шақырады; 
комиссия мен жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың 
жүргізілуін, шешімдердің жобасын əзірлеуді жəне қабылданған 
шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет